Автор: Админ

  • «Мен шахмат жеңімпазымын»

    «Мен шахмат жеңімпазымын»

    Салауатты өмір салтын насихаттау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мен шахмат жеңімпазымын» атты жастар арасында шахматтан турнир өткізілді. Шахмат ойындарымен қатар турнир сапасын арттыру және қызықты өткізу мақсатына шахмат турнирімен қатар тоғызқұмалақ, дойбы ойындары да өткізілді. Шахмат турнирінің нәтижесінде Дүйсен Аружан бірінші орын иеленсе, екінші орында Айтжанова Бекзат, үшінші орынды Дүйсен Маржан қанжығасына байлады. Турнирдің марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесті.

     

  • «Донор бол» атты қан тапсыру акциясы өтті

    «Донор бол» атты қан тапсыру акциясы өтті

    Тараз қаласы аумағындағы Әл-Фараби көшесі бойында орналасқан Жамбыл облыстық Қан орталығында «Донор бол» атты қан тапсыру акциясы өткізілді. Қан тапсыру акциясына Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері,  жастар мен студенттер және ерікті жастар тартылды. Қан тапсыру акциясына келген қатысушылар бірінші тексерістен өтіп, дәрігерлердің рұқсатынан соң ғана қан тапсыруға жіберілді. Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс екенін және алдағы уақытта акцияға тұрақты түрде қатысатындықтарын жеткізді қатысушылар.

     

  • Тыйым салынған таблеткаларды темекіге тығып кіргізген

    Тыйым салынған таблеткаларды темекіге тығып кіргізген

    Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың туыстары өздерімен бірге тыйым салынған заттарды алып өтуге ұмтылуларын тыяр емес. Десе де, өзіне жауапкершілік алатынын біле тұра заңсыз іске барушылардың әрекетін мекеменің қырағы қызметкерлері дер кезінде анықтауда.

    Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде 1977 жылы туған О. М. есімді азаматшаның дәл осындай пиғылына тосқауыл қойылды. В. О. есімді сотталғанға қысқамерзімді кездесуге келген ол өзімен бірге 67 тал темекі алып келген. Мекеме жедел бөлімі мен №5513 әскери бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында олардың ішінде 200 дана белгісіз ақ түсті таблетка барын анықтаған.

    Азаматшаның айтуы бойынша, бұл әрекетке баруға оның сотталған туысы өтінген. Сонан соң белгісіз тұлғалар оған темекі салынған дорба әкеліп берген. Өз кезегінде, азаматша бұл дорбаны жазасын өтеуші В. О.-ға беруі қажет болған. О. М. аталған жағдайға байланысты өзге мардымды ештеңе айта алмады.

  • Жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    Жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні облыстық «Жастар ресурстық орталығы», облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

    Іс-шараға жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған 35-ке жуық азамат қатысты. Жәрмеңкеде кәсіпорындар, оқу орындары жалпы 10 мекеме 54 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 17 азамат жұмысқа орналасты.

    Жұмыс беруші мекемелер: «Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі, «Тараз металлургиялық зауыты», «Жамбыл-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Тараз Кож Обувь» жауапкершілігі серіктестігі, «Ая-Сервис» жауапкершілігі серіктестігі, «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі серіктестігі, «ӘулиеатаТрансПасс» жауапкершілігі серіктестігі, «Көкжиек» жауапкершілігі серіктестігі, «Сырым Блеке» жауапкершілігі серіктестігі, Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі қатысты.

  • Отбасын жаспарлау мәселесі бойынша жастардың ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді

    Отбасын жаспарлау мәселесі бойынша жастардың ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 9 қыркүйегі күні «Отбасы күні» мерекесіне орай «ZHANUYA» емханасымен бірлесе отырып отбасын жоспарлау және жүкті әйелдер арасында созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

    Шара барысында отбасын жоспарлап жүрген жастардың сұрақтарына «Отбасын жоспарлау мектебінің» акушері Баймуханбетова Гүлсана Әбілхасымқызы толыққанды жауап берді.

    Жалпы он жыл көлемінде денсаулық сақтау, әсіресе әйел ананың бала туу қызметін сақтау мәселелері әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің жалпы ортақ жұмысына айналды. Денсаулықтың жалпы негізгі параметрлерінде дұрыс тамақтану, спорт және дене шынықтырумен айналысу, организмге зиянды әсер ететін әдеттерден аулақ болу, көңіл-күйді жоғары ұстау, әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтана білу, тұқымқуалайтын ауруларды болдырмау, қолайлы экологиялық ортада өмір сүру жатады. Осының бәрі салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары болып табылады.

    Әйелдің денсаулығы мен бала туу қызметінің арасында тығыз байланыс бар. Соңғы кездері 19 жасқа дейінгі жыныстық қатынаста ерте болудың кесірінен қатерлі ісік пен жасанды түсік жасау көбеюде. Әйелдің бала туу қызметін реттеу, ретсіз жүктілікті болдырмау жанұяны отбасын жоспарлау мәселесінің негізі болмақ. Жанұяны жоспарлау бала сыны шектеу ғана емес, ол ана мен бала денсаулығын қорғау, өмірге дені сау, үмітті, көптен күткен ұрпақ әкелу деген түсініңті білдіреді.  Отбасын жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел адамның ауруларынан сақтауға қызмет етеді.

    Шара соңында жас аналарға арналған жаттығулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы видеоролик көрсетірлі. Қатысқандар саны 10 адам.

  • Татулықтан артық құндылық жоқ

    Татулықтан артық құндылық жоқ

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округінде өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • Ұлтаралық татулық – тыныштықтың кепілі

    Ұлтаралық татулық – тыныштықтың кепілі

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 6 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқар ата ауылдық округінде өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Жастар арасында суицидтің алдын алу»

    «Жастар арасында суицидтің алдын алу»

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәслелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігі жастар арасында суицидтің алдын алу мақсатында психолог Әйгерім Талғатқызынан сұхбат алынады:

    Жүргізуші:

    • Жастардың суицидтік(өзіне қол жұмсау) мінезін қалай байқауға болады?

    Психолог Әйгерім Талғатқызы:

    • Мінез-құлық ерекшелігінің екі түрі болады: Бірі сыртқы келбеті, екіншісі жасырын тұйықтығы. Сырт келбетті өзгерістегісуицидке ерсі қылықты бала баруы мүмкін. Атап айтқанда, жасөпірімдік жаста ерсі қылық көрсеткен бала, тез ашушаң, қиратқыш мінездер көрсеткен болса, тыңдамай, қатты кетіп жатқан болса, онда ол бала сыртқы басқа факторлардан әсер алып, сол ықпалдың жетегінде жүр дегенді білдіреді. Кенеттен сөйлеп, ашық мінезді жүрген бала бірден тұйықталса, бөлме есігін жауып алатын болса, ол жасырын тұйықтық суициді болады.

    Жүргізуші:

    • Осындай жағдайларда ата-ана не жасауы керек?

    Психолог:

    • Ата-ана балалар жасөспірім шақта аса байқампаз болуы шарт. Өйткені баланың «мен» концепциясы 13 жастан ересектікке ұмтылу шағында басталады. Қалыпты жүрген баланың өзі физикалық (дене) және психикалық (ой-өрісі) өсіп жетіліп жатқанда, міндетті түрде өзгеріс болады.

    Жүргізуші:

    • Суицидті қай жастағы балаларжиі жасайды?

    Психолог:

    • 12-14 жас шамасындағы жасөспірімдер суицидті жиі жасайды.

    Жүргізуші:

    • Ата-ананың бұл жағдайға назар аудармауына қандайсебептер болуы мүмкін?

    Психолог:

    • Күнделікті күнкөріс қамы, отбасын асырауда ақша табу мәселелеріне байланысты бала бақылаудың жоқтығынан сыртқы кері әсерге ұрынуы мүмкін. Атап айтсақ, жаман ниетті достарды кездестіруі, әлеуметтік желілер, неше түрлі телефондағы не компьютерлік ойындар(мысалы,синий кит) т.б.

    Жүргізуші:

    • Суицидтің алдын алу үшін не маңызды?

    Психолог:

    • Басты фактор – баланың қаланған іргетасы. Яғни, фундаменті мықты бала, кішкентайынан жақсы мінезбен тәрбиеге құлағдар болса, және өзінің жігері мықты болса, ондай қылықтан арылуға болады. Ал бала жалтақ болса, ол әр нәрсеге еріп кететін, еліктегіш болады. Сондықтан баланы жастайынан көп еркелетпей, еңбекке баулыған дұрыс. Алдын алуда ата-ананың рөлі маңызды. Егер отбасында зорлық- зомбылық жағдайын көретін болса, гармондарының өсуіне байланысты балаға агрессиялы кері әсерін тигізеді. Отбасылық мәселені баланың көзінше талқыламауға, қатты айқай-шумен шешуге болмайды. Ол бала психикасының ауытқуына апаруы мүмкін.

    Жүргізуші:

    • Суицидке баруға әлеуметтік фактор және генетикалық (тұқым қуалау) фактордың қайсысы көбірек әсерін тигізеді?

    Психолог:

    • Ұрпағында өзіне-өзі қол жұмсаған бала болса, әрине қанмен берілуі мүмкін, оған үй жағдайы да қосылып ушығуы мүмкін. Көбіне әлеуметтік қоршаған ортасы суицидке апаруы мүмкін. Ол жастардың махабаттағы сәтсіздік, немесе оқуға тиісті баллды жинай алмаған жағдайда, ата-анасы ақылы оқуға шамасы жетпейтінін білетінін бала болуы да мүмкін. Бұл мінез- құлықты «төзімсіздік» деп атайды.

    Жүргізуші:

    • Қоғамда әртүрлі отбасылар бар, солардың ішінде қандай отбасыларда жиі кездеседі?

    Психолог:

    • Толық емес (ата-анасы ажырасқан) отбасыларда, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, көпбалалы, толық отбасыда да.

    Жүргізуші:

    • Өз тәжірибеңізде суицидтік жағдай кездесті ме?

    Психолог:

    • Иә, ажырсқан отбасында, бала өз ата-анасын татуласу мақсатында өз-өзіне қол жұмсады. Бірінші рет ол тырысқанда ата-анасы мәжбүрлі түрде қосылған, екінші рет мінездері үйлеспегендіктен, қайта жанжал басталғанда жасырын түрде ұрысып жүрген, алайда жағдай одан сайын ушығып кеткен, артынша бала тағы өз-өзіне қол жұмсаған. Менің ойымша әрбір ата-ана өз баласымен жеке сөйлесуі шарт. Ақылмен, байыппен түсіндірулері керек. Қандай жағдай болмасын, баланы үлкен өмірге дайындай алу керек.

    Жүргізуші:

    • Жұмыста жүрген ата-ана баласына қалай көңіл бөле алады?

    Психолог:

    • Әрине барлық ата-ана психолог емес, сондықтан телефон арқылы, видео қоңырау арқылы, сенім телефондары арқылы жағдайды бақылай алады. Әр ата-ана психолог болуға міндетті емес, бірақ іштен шыққан баланы сол ата-анадан жақсы білетін адам жоқ. Сондықтан өз баласының ерекшелігіне қарай әңгіме айтуы керек. Балаға ешқашан «өзіңеқол жұмсайын деп жүрсің бе?» деген ашық сұрақтар қоймау қажет. Ол керісінше оған ой салуы мүмкін. Баланы мақтау керек, «сен енді ержеттің, бойжеттің, алдыңда өмір деген керемет нәрсе бар, оны керемет қылу өз қолыңда, қиындықты бірге жеңеміз», «қандай қиын жағдай болса да айт, сөкпеймін» деп баламен сырлас болу қажет. Сонда ғана ол ашылады. Жұмыстан шаршаған ата-ана болса, кешке келгенде 15 минутын болсада баласына көңіл бөлуі керек. Ақша тауып жүрмін деп міндет қылса, балаға «мен керек емеспін» деген ой келуі де мүмкін. Әңгіме, көңіл бөлу, құшақтау сынды сезімдер, жағымды эмоциялар балаға жеткілікті.

    Жүргізуші:

    • Суицидке апаратын жағдайлардың алдын алу деңгейлері бар ма?

    Психолог:

    • Бар, бастапқыда баланың мінезінде өзгеріс болғанда сөйлесу. Суицидтің алдын алудағы басты қажеттіліктер: баламен жеке сөйлесу, көңіл бөлу, марапаттау, белгілі бір үйірмеге қатыстыру (өзі ұнататын іспен айналысқанда адамның ойы бөлінеді, жаман ойдан аулақ болады). Бала тәрбиесіне ана да, әке де бірдей жауапты. Сондықтан қазақ менталитетіне сай қыз баламен анасы, ұл баламен әкесі жеке сөйлескені дұрыс. Жастаротбасын құрарда, олар балаға  жауапты болуды да жоспарлағаны дұрыс. Қазіргі таңда үлгілі  отбасылар бар, бей-жай қарайтындар да бар, өкінішке орай  бейғамдықтан суицид орын алады. Бала тумас бұрын баланы материалдық қамдандыру жағын да ойласа дейміз. Қандай жағдай орын алса да, ата-ана бір шешімге келсе дұрыс болады.

    Жүргізуші:

    -Кибербуллингтің суицидке әсері бар ма?

    Психолог:

    • Иә, әсері бар. Себебі, сератонин деген гармон бар, жастар өсіп келе жатқанда эмоциясына әсер етеді. Сол гармондар қалыптасу барысында интернеттен неше түрлі агрессивті(қорқыту, үркіту сынды) ойындар көріп, одан сайын ушығуы мүмкін. Сондықтан, баланы күнделікті 2 сағаттан артық телефон, не ғаламторға кірмеуін қадағалау маңызды.

    Жүргізуші:

    • Сондай ойындардың қандай түрлері бар?

    Психолог:

    • Бір кездері таңғы 4-терде ойнайтын үрей ойыны шыққан. Ол кезде адамның миы ұйықтағанда адамды сол кезде кері әрекетке апару оңай болады, өйткені денесі ояу болса, да миы ұйқыда болады. Ол ойынның бастамасы негізі күндізгі сағ.4-тен басталады, кейін адам әуестене бастағанда жәймен оның сағаты да түнгі 4-ке жетеді. Арнайы жоспарлар беріліп отырады, сол жоспар бойынша ол таңғы 4-те оянуы тиіс болады.Ол топтық ойын не ұжымдық болуы мүмкін болуы мүмкін. Сол сәтте өзгерісті байқаған ата-ана баламен жеке сөйлесуі маңызды.

    Жүргізуші:

    • Жастардың денсаулығын арттыру мақсатында қоғамға қандай міндеттер арта аламыз?

    Психолог:

    • Бала үшін ең маңыздысы отбасы, мектептегі қарым-қатынасы, ортасы (достары), әр балаға «балаға жастан» демекші басынан бастап көңіл бөлу абзал.

    Жүргізуші:

    • Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз.

    Психолог:

    • Назарларыңызға рақмет, сау болыңыз.

  • «Бір мақсат — бір болашақ» тақырыбында ойтолғау

    «Бір мақсат — бір болашақ» тақырыбында ойтолғау

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 5 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округінде, өзге ұлт өкілдерімен «Ұлт тұтастығы басты байлығымыз» тақырыбында ой толғау өтті. Аталмыш іс-шарада Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы жүргізді.

    Іс-шара барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Спорт сүйген отбасы» атты облыстық отбасылық сайыс өтті

    «Спорт сүйген отбасы» атты облыстық отбасылық сайыс өтті

    Қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы отбасы күніне орай жастар арасында іс-шаралар легі басталып кетті.

    Мәселен, облыс жастары арасында отбасы құндылықтарын насихаттау отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, жас отбасында отбасылық құндылықтарды, белсенді отбасылық бос уақытты қалыптастыру мақсатында 4 қыркүйекте облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жас отбасылар арасында «Спорт сүйген отбасы» атты облыстық отбасылық сайысы өтті. Конкрусқа Жамбыл облысында тұратын және 29 жасқа дейінгі, 7-10 жастағы балалары бар отбасылар қатысты. Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен белсенді айналысу, балалар мен ата-аналардың бірлескен отбасылық демалысын насихаттауға бағытталды. Байқау 2 кезеңнен тұрды бірінші кезең  зияткерлік спорт жарысы ретінде шахмат турнирі өткізілсе, екінші кезеңде эстафеталық жарыстан сынға түсті.

    Байқау қорытындысы бойынша І орынды Имашевтар әулеті, ІІ орынды Ильясовтар, ІІІ орынды Асубаевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.