Автор: Админ

  • Запись без названия 15716

    2021 жылдың 16-18 қыркүйек күндері аралығында Жуалы ауданы «Берікқара» демалыс орталығында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулу мақсатында «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өткізілді.
    Облыстық лагерьге облысымыздың белсенді жастары, волонтерлер, ҮЕҰ жетекшілері, аудандық, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері және оқытушылар қатысты.
    Лагерьге Тараз қаласынан жол тартқан қатысушыларды «Берікқара» демалыс орталығынан ұйымдастырушылар жақсы көңіл-күймен қарсы алып, барлығын өз бөлмелеріне орналастырды. Шараның бірінші күні қатысушылар танысу тренинг жаттығулары арқылы бір-бірлерімен жақынырақ танысты. Шара барысында «E-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеулердің біріңғай платформасында жұмыс істеу және жұмыспен қамту бағдарламалары, ауылшаруашылығын дамыту, салық саласындағы өзгерістер және «Серпін-2050» бағдарламасы туралы оқыту жұмыстары жүргізіліп, лагерьдің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселерлері басқармасының басшысы С.Беікқожа қатысты. 5 топқа бөлінген жастар топ атауын қорғап, өздерін таныстырды.
    Екінші күні ЖРО заңгерлерінің, СММ мамандарының, ақпараттық бөлім мамандарының, ауылдық округ инспекторларының және волонтерлардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жұмыстары, «Qaz IQ» интелектуалдық ойыныөтті.
    Жалпы бағдарлама лагерьдің қонақтарымен интерактивті сұхбаттар, жеке тұлғаның дамуына және кәсіби ұшталуына бағытталған тренингтік бағдарламалар, дене шынықтыру ретінде күнделікті таңғы жаттығулар, психологиялық тренингтер және команда құру ойындарынан құрылды. Сондай-ақ, кіші футбол мен волейболдан туринр және кешкі бағдарламалар ұйымдастырылып өткізілді.
    Лагерь қорытындысы бойынша қатысушылар «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Лагердің белсенді қатысушылары, заңгерлер мен СММ мамандарына арнайы сертификаттар, байқауларда үздік деп танылған жастарға қосымша алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

  • Сотталғандарды жұмыспен қамту жолға қойылуда

    Сотталғандарды жұмыспен қамту жолға қойылуда

    Түзеу мекемелеріндегі еңбек дағдысы — болашақтағы табыс кілті. Оның үстіне, сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек, оларды жұмысқа тарту мәселесіне жазасын өтеп жүрген сәттен бастап көңіл бөлген дұрыс.

    Бүгінгі таңда осы мәселені шешу үшін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан кешенді іс-шаралар қолға алынған. Мәселен, жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатылуда. Соның нәтижесінде түзеу мекемелерінде жұмыс орындары ашылып, жазасын өтеушілер «екі қолға бір күрек» тауып отыр.

    Қазіргі таңда қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінің аумағында орналасқан 7 жеке кәсіпкерлікте 71 сотталған азамат жұмыс істейді. Солардың бірі — Дидарбеков жеке кәсіпкерлігі. Жуырда ғана жұмысын бастаған жеке кәсіпкерлікте бұл күні 6 жазасын өтеуші азамат еңбек етуде. Олар халық тұтынатын тауарлар шеберханасында түрлі ағаш бұйымдарын жасауда.

    Мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының бастығы Маржан Сағындықованың сөзінше, шағын және орта бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады, тек жан-жақты қолдау және мүдделік таныту қажет.

    — Жеке кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінің аумағында жұмыс істеуге шақырамыз. Біле білген адамға бұл өте ұтымды болмақ, себебі өз жұмысын түзеу мекемесінде бастаған кәсіпкер еңбекке тартылған жазасын өтеушіге көп қаражат төлемейді, ең бастысы еңбекке тартыламын дегендер аз емес, – дейді М.Сағындықова.

    Сабыр БОЛАТ,
    Журналист

  • «Діни ағмыдар» тақырыбында кездесу өтті

    «Діни ағмыдар» тақырыбында кездесу өтті

    Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар араасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық дейгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни ағымдар» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Кездесуге дінтанушы Ембергенов Амангелді Назербайұлы шақырылды. Кездесу барысында Амангелді Назербайұлы жастармен діни ағымдар жайлы, Қазақстан Республикасы аумағында тиым салынған діни ұйымдар мен кітаптар жайлы айтып өтті. Кездесу соңында Амангелді Назербайұлы діни білім алып, дінге бетбұрғысы келетін жастарды мешіт имамдары мен арнайы білімі бар тұлғалардан ғана білім алуға шақырды.

  • «Этномәдени орталықтар – бірліктің нысаны» атты кездесу

    «Этномәдени орталықтар – бірліктің нысаны» атты кездесу

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 21 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы күреңбел ауылдық округінде, өзге ұлт өкілдерімен «Этномәдени орталықтар – бірліктің нысаны» атты кездесу өтті. Аталмыш кездесуде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы жүргізді.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Ұлттар достығы» атты семинар-тренинг

    «Ұлттар достығы» атты семинар-тренинг

    «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: Осы саладағы білікті мамандарды тарта отырып, аудандағы этномәдени орталық өкілдерімен, этносаралық сала мамандарымен «Ұлттар достығы» атты семинар-тренинг «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып Бурыл және Көктал ауылдық округтерінде өткізілді.

    Семинарға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы арнайы шақырылып, тұрғындарға ұлтаралық қарым-қатынас бойынша түсінме жұмыстарын жүргізіп, арнайы семинарын жүргізіп анкета толтырып кері байланыс арқылы жұмыс жүргізді.

    Семинарлар өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған ауылдық округтерде санитарлық шектеулерді сақтай отырып, ара қашықтықты сақтай отырып толық маскалық режимде өткізілді. Маманның анкетасының қорытындысына сәйкес ауданда ұлтаралық қарым-қатынас тұрақты деңгейде өте жақсы деп бағаланды.

  • Баспана мәселесі байыппен шешіледі

    Баспана мәселесі байыппен шешіледі

    Бүгінгі таңда қолжетімді баспана мәселесін шешу үшін мемлекетіміздің түрлі бағдарламалар мен жаңа жобалар жасап отырғаны көпшілікке белгілі. Өз кезегінде бұл бағдарламалар көптеген тұрғындардың баспаналы болуына, әсіресе, көпбалалы отбасылар арасынан тұрмысы төмен отбасылар үшін жайлы қонысқа қол жеткізуіне мол мүмкіндік туғызуда.

    Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментінде ҚР Үкіметінің «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғын-жаймен қамтамасыз ету, тұрғын төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкеркері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» қаулысының талаптарын зерделеу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

    Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Еркін Нұрбаев ашып, жүргізіп отырған жиынға «Отбасы банк» АҚ бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Бердияр Құттыбаев, департаменттің және оған қарасты түзеу мекемелерінің кадр саясаты тобының басшылары, заңгерлер мен қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бастықтары қатысты.

    Басқосуда шаңырақ шаттығына бөленіп, баспанаға байланысты «бас ауруынан» айығудың жолдары талқыланып, мемлекеттің мыңдаған азаматқа жасаған қамқорлығы мен мүмкіндігінің нәтижесінде көптеген отбасы тұрғын үйге қол жеткізгені айтылды.

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

  • Қауіпсіздік кепілі — діни алауыздықтың алдын алу

    Қауіпсіздік кепілі — діни алауыздықтың алдын алу

    Жазасын өтеушілердің бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, олардың азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Себебі, бұл ғаламдық мәселе қазіргі таңда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес.

    Жуырда осы бағыттағы іс шараларды жалғастыру әрі сотталғандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінде облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы «Я хочу домой» тақырыбында қойылым қойды. Аталған қойылымда жалған діни ілімдердің құрбаны болған замандастарымыздың қайғылы тағдыры туралы баяндалады. Олардың әрқайсысы жақсы өмірге үміттеніп шет елге кетіп қалады, бірақ нәтижесінде олардың әрқайсысының көңілі түсіп, туған жерге оралуды армандайды. Бірақ олар үшін артқа жол жоқ. Қойылымда шынайы сенім, махаббат сондай-ақ туған жер секілді өте жоғары құндылықтар шебер суреттеледі және оны қорғау қажеттілігі жеткізіледі.

    Іс-шараға қатысқан өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов мұндай алдын алу шараларының маңызы зор екендігін айтып өтті.

    — Бұл тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, көпшілік дәстүрлі діннің құндылықтарын өзге жат ағымдармен байланыстырып, қайсысы дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алмауда. Сондықтан, дінтанушылар осы тақырыпқа орай түзеу мекемелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бұл маңызды рөлге ие, — деді әділет полковнигі.

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

  • Сенбілік – тазалық кепілі

    Сенбілік – тазалық кепілі

    «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл ретте, сенбіліктің орны зор. Себебі, сенбілік – айналамызды қоқыс қалдықтары­нан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс.

    Осыған орай, тазалықты жанына серік еткен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағында кезекті сенбілік өткізді.

    Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бастамашы болуымен өткен тазалық шарасына мекеменің 20-дан астам қызметкері қатысып, жақсы көңіл-күймен тазалау жұмыстарын жүргізді.

    – Сенбілікке мекеме қызметкерлері өз еріктерімен қатысты. Барлық қызметкерлерге мекеме ауласындағы бөліктер бөлініп берілді. Әр топ өз бөліктерін тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартты. Бұл күні алаңды тазарту мен әсемдеу үшін барлығы шын көңілмен, қуанышпен өз үлестерін қосты. Сенбілік жағымды атмосферада өтті, – деді мекеме бастығы Е. Оразгелдиев.

    Сенбілік – ұжымдық еңбек дәстүрі. Әрине, ол сонау кеңес дәуірінде үрдісті болатын, дегенмен қазір де оның маңыздылығы зор. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс, экология мәселесі де алаңдатарлық. Өз ортамыздыңтаза да әдемі болуы өз қолымызда.

  • Ұлттық бірегейлік негіздері талқыланды

    Ұлттық бірегейлік негіздері талқыланды

    Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш жоба аясынба 2021 жылдың 19 қыркүйегіндеЖамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында Құлан а.о ауылдық округініңТ.Рысқұлов атындағы орта мектебіндегі жоғарғы сынып оқушалырмен, өзге ұлт өкілдеріне Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы«Ұлттық бірегейлік»атты шеберлік класс өткізді.

    Іс-шара барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Шеберлік класста жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды.

  • «Ұлы елдің ұланы Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері

    «Ұлы елдің ұланы Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері