Автор: Админ

  • «Этномәдени орталықтар жұмысы жүйеленуде» атты іс-шара

    «Этномәдени орталықтар жұмысы жүйеленуде» атты іс-шара

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 27 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан момышұлы ауылдық округі Б.Момышұлы ауылында, өзге ұлт өкілдерімен «Этномәдени орталықтар жұмысы жүйеленуде» атты іс-шара өтті. Аталмыш кездесуге арнайы қонақ ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы шақырылды.

    Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • «Спорт денсаулық» атты қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді

    «Спорт денсаулық» атты қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді

    Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсатында Тараз қаласы аумағында орналасқан «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі қабырғасында «Спорт денсаулық» атты қыздар арасында арасында волейбол ойындарынан турнир өткізілді. Турнирге облыс аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Турнирге «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің спортшы мамандары төрелік жасады. Турнирдің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу. Турниге жалпы саны 7 команда қатысып, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «Тұмар» командасы жеңіске жетті. Жүлделі екінші орынды М.Х.Дулати атындағы ТАраз өңірлік университетінің «АСК» құрамасы жеңіп алса, үшінші орында «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «ЛД» командасы қанағат тұтты.

     

  • Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған шара

    Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған шара

    Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т. Султанова облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» өткен іс-шараға қатысты.

    Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты — дене шынықтырумен спортқа деген сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасыларымен өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.

    Шараны салтанатты түрде ашқан ювеналдық соттың судьясы Т.С.Сұлтанова ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгенін айтып, мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Айта кетейік, бұл күні «Жас Ұлан», «Шаңырақ» және «Тұлпар» командалары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде «Шаңырақ» командасы үздік деп танылды. Жүлделі ІІ орын «Жас Ұлан» құрамасына бұйырса, ІІІ орынға «Тұлпар» командасы жайғасты.

    Іс-шара соңында жеңімпаз командаға диплом мен құнды сыйлықтар табыс етілді.

    Сабыр БОЛАТ,
    Тілші

  • Жоба аясында кешенді шаралар легі өтті

    Жоба аясында кешенді шаралар легі өтті

    Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

    Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 12-24 қыркүйек күндері аралығында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында Құлан а.о ауылдық округінің Құлан ауылында №1 мектеп лицейінде, Алихан Бөкейханов атындағы орта мектебі, Максим Горький атындағы орта мектебі, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі, Ақтоған ауылдық шағын орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі, Ақыртөбе шағын орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің аппараты, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі, Шохан Уалиханов атындағы орта мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушалырмен, өзге ұлт өкілдерімен «Жаңғыру жастары» жастар қозғалысынң негізгі бағыттарын түсіндіріп алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Семинар барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

  • Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды «тасушылар» тыйылар емес

    Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды «тасушылар» тыйылар емес

    Таразда түзеу мекемесінің қызметкерлері танысына тыйым салынған затты кіргізбек болған адамды ұстады.

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде 1978 жылы туған А. К. есімді азаматша Н. К. есімді сотталғанға қысқамерзімді кездесуге келген. Ол өзімен бірге мөлшері 400 мл. болатын «Clear» маркалы шампунь алып келген. Мекеме жедел бөлімі мен №5513 әскери бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында шампунь құтысының ішінде 2 дана жапсырма лентамен (скотч) оралған түйіншектер барын анықтаған. Оларды ашу кезінде әрқайсысында 50 данадан, жалпы саны 100 дана ақ түсті таблекталар табылған.

    Азаматшаның айтуы бойынша, мекеме аумағына қысқамерзімді кездесуге келгенінде оның ұялы телефонына бейтаныс азаматша қоңырау шалып, өз заттарымен қоса тағы бір пакеттегі заттарды алып кіруін өтінген. Сонан соң аталған аумаққа ақ түсті көлік келіп, телефонына тағы бір бейтаныс ер адам хабарласқан. Ол А. К.-ға ішінде ер адамдарға арналған күрте мен шампуні бар пакетті ұстатқан.

    Аумақтағы бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды қарау барысында мекеме маңына ақ түсті «Хюндай Элантра» автокөлігі келгені және оның мемлекеттік номері анықталды.

    Нәтижесінде, қысқамерзімді кездесу пайдаланылған болып есептеліп, өткізілген жоқ. «Хюндай Элантра» автокөлігінің кімге тиесілі екенін анықтау үшін Тараз қалалық Полиция басқармасына қажетті ақпараттар берілді. Тараз қалалық Полиция басқармасының жедел тобы шақырылып, табылған таблеткалар тәркіленді. Олардың құрамын анықтау үшін сот-химиялық сараптамасы өткізіледі.

    Жоғарыда аталған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында істің материалдары Сотқа жолданады.

  • «Sport TIME» атты футбол және волейболдан турнирі өтті

    «Sport TIME» атты футбол және волейболдан турнирі өтті

    Жоғарғы оқу орындарымен, колледж студенттері, маргиналды жастар арасында волейбол мен футболдан қалалық турнирі.
    Турнирдің басты мақсаты: жастарды салауатты өмір салтына жастарды баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Турнирге футболдан 9 команда, волейбол ойынынан 6 команда қатысты. Ойын жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталып, дипломдары табыс етілді.
    Мақсаты:
    -Жастарды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
    -Салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттау, спортпен айналысуға жастарды шақыру.
    — Жастарды өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру.
    — Жастардың денсаулығын шымырлатуға жағдай жасау.
    — Белсенді өмір сүрудің пайдасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

    Өткізілген орны: Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағының спорт алаңшасы.
    Қатысушылар: жоғарғы оқу орындарымен, колледж студенттері, маргиналды жастар. Аталмыш іс-шараға 70-тен аса жастар қатысып, турнир жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

  • Қолөнер туындыларының «Үміт-2021» байқауы өтті

    Қолөнер туындыларының «Үміт-2021» байқауы өтті

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-152/2 мекемесі сотталғандар арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының “Үміт-2021” байқауын өткізді.

    Жазасын өтеушілер арасында “Үміт-2021” байқауының ұйымдастыруының басты мақсаты – сотталғандарды эстетикалық талғам және қоршаған ортаға қайырымды қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал ететін, сотталғандарды табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнінде түсініктердің дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.

    Байқауға жазасын өтеушілердің сурет пен қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Әр жазасын өтеуші өздері дайындаған суреттер мен бұйымдарына түсіндірме беріп, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды. Әр қатысушы байқауға белсене қатысып, үлкен жауапкершілікпен қарады.

    Байқау қорытындысы бойынша С. Сатынның еңбегі үздік деп танылды. Т. Камалов жүлделі ІІ орынды иеленсе, И. Пантюховтың қолөнер туындысы ІІІ орын алды.

  • «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы

    «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы

    «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында  өзге ұлт өкілдерімен «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып  өткізілді.

    Ойын алаңы ауданда ашық аспан астында өткізілді. Ойын алаңынан ауылдық округтерде ұлтаралық қарымқатынасқа жауапты мамандар, жастар орталықтарының қызметкерлері, психологтар қатыстырылды. Ойын алаңында жастар достықты, бірлікті нығайтуға бағытталған тренингтер, ойындар өткізіп, тәжірибе жинақтады. Ойын алаңын облыстық, республикалық тренингтерге, оқыту лагерлерінің қатысушысы атанып келген аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері өткізуге атсалысты.

  • «Ойшылдар ойыны» атты тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді

    «Ойшылдар ойыны» атты тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді

    Салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ойшылдар ойыны» атты жастар арасында тоғызқұмалақ ойындарынан турнир өткізілді. Турнирге қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Сонымен қатар турнирге қала жастарынан құралған «Темірқазық» еріктілер ұйымының еріктілері атсалысты. Аталған тоғызқұмалақ турнирінде Мадиева Анеля жеңіске жетті. Турнирдің жүлделі екінші орынын Оңғар Нұршат жеңіп алса, үшінші орынды Өтеш Айнұр қанағат тұтты. Тоғызқұмалақ ойындары Қ.Рысқұлбеков атындағы «Желтоқсан» саябағының тоғызқұмалақ алаңшасында өткізіліп, турнирдің марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесіп бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

     

  • «Салауат салты»

    «Салауат салты»

    Тараз қаласы аумағында орналасқан «Тараз-Арена» спорт кешенінің жүзу залында «Салауат салты» атты жастар арасында жүзуден жарыс өткізілді. Жүзуге қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Сонымен қатар турнирге қала жастарынан құралған «Темірқазық» еріктілер ұйымының еріктілері атсалысты. Жүзуден жарыста қатысушылар 50 метрлік қашықтықта бақталасты. Жүзуден өткен жарыс нәтижесінде Әділхан Еларыс бірінші орын иеленді. Жүзуден жарыс «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткізіліп, жарыстың марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.