Автор: Админ

  • Тараз тұрғыны трамадолды іш киіміне жасырып, колонияға кірмек болған

    Тараз тұрғыны трамадолды іш киіміне жасырып, колонияға кірмек болған

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде трамадолды іш киіміне жасырып, колонияға кірмек болған әйел ұсталды. Оның бұл сәлемдемесі мекемеде жазасын өтеуші 23 жастағы азаматқа арналған. Қысқамерзімді кездесуге келген ол 549 дана трамадол , «SAMJ510» маркалы ұялы телефонының батареясын, USB құрылғысымен адаптер және Теле 2 операторына тиесілі 2 сим-картаны алып кіруге тырысқан. Мекеме қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын дер кезінде байқап, сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды тәркіледі.

    – Біздің тарапымыздан жазасын өтеушілермен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіп, заңды бұзғандардың жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілуде. Бірақ, осыған қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.

    Жазбаша түсініктемесінде азаматша өзінің кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады.

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі

  • 100 кітап тарту етілді

    100 кітап тарту етілді

    Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі кітапханалардағы кітап қоры — 23 мыңнан данадан асады. Оның ішінде сүбелі шығармалар да мол.

    Жуырда департаменттің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының аға инспекторы әділет майоры Айгүл Танашева облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың басшылығына хат жазып, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. Өз кезегінде кітапхана басшылығы бұл өтінішті құп көріп, әртүрлі жанрдағы 100 кітапты сыйға тартыпты.

    — Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазалы жандардың түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол, — дейді облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов.

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

  • Таласта 10 отбасы баспанамен қамтылды

    Таласта 10 отбасы баспанамен қамтылды

     Ағымдағы жыл бүкіл әлем үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас жыл болды. Тәуелсіздіктің 30 жылында елдікті нығайту мен Тәуелсіздігімізді баянды ету бағытында алға қойған ауқымды жобалар іске асырылып, жетiстiктерге қол жеткiзілді.

     Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында баспана мәселесі ауданымызда оң шешімін табуда.

     Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы 10 отбасыға Қаратау қаласы, Б.Момышұлы №11 үйден (құны 50 млн.) баспана кілттері табысталды. Баспана алушылардың арасында көпбалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Баспана иелеріне кілт табыстау рәсіміне аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев қатысты.

     Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында баспаналы болу зор қуаныш. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, қуаныш пен тыныштық орнасын! Қоныс тойы құтты болсын!», — деді Қ.Мәдібек.

    Қоныс той иелерін құттықтаған Қ.Садубаев: «Бүгінгі оқиға – біздің барлық тұрғын үй кезегіндегі отбасылар үшін үлкен қуаныш. Жаңа пәтер Сіздердің отбасыларыңызға игілік пен береке, қуанышты сәттерді көптеп алып келсін. Сіздерді қос мереке: жаңа қоныстарыңызбен және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын» — деді.

  • Байқау! Байқау! Байқау!

    Байқау! Байқау! Байқау!

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай           «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялайды.

    Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

    Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қараша аралығында өтеді.

    Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

    Аудандық кезеңде:

    1-орын – 150 мың теңге;

    2-орын – 100 мың теңге;

    3-орын – 50 мың теңге.

    Облыстық (қалалық) кезеңде:

    1-ші орын – 750 000 теңге;

    2-ші орын – 350 000 теңге;

    3-ші орын – 200 000 теңге.

    Облыстық (қалалық) деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар:

    1-ші орын – 1 500 000 теңге;

    2-ші орын – 700 000 теңге;

    3-ші орын – 400 000 теңге.

    Байқау туралы толық ақпаратпен www.qazaqepos.com сайтында танысуға болады. Қосымша жаңалықтар мен мәліметтерді «Nur Otan» партиясы филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.

    #NurOtanQazaqEpos

     

     

     

     

  • Балалар алаңы пайдалануға беріледі

    Балалар алаңы пайдалануға беріледі

    Жақында ғана Б.Момышұлы ауылындағы В.Латикант көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің ауласына асфальт төселіп, тұрғындар үлкен қуанышқа бөленген болатын. Себебі, жазда шаң-топырақтан, көктемде батпақтан көз ашпаған жұрт үшін бұл жағымды жаңалық болды. Ал, бүгінде көпқабатты үйлердің ауласынан балалар ойнайтын ойын алаңшасы салынып, аяқталуға жақын. Көп ұзамай тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілетін болады.

    Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары Мақсұт Орымбаевтың айтуынша, жаңа балалар ойын алаңшасын «HANGAR-GROUP» жеке кәсіпкерлігі салуда. Оған қажетті қаражат та бөлінген. Одан бөлек, бұл үйлердің ауласын күл-қоқыстан тазарту және үйдің сыртын сырлау, әктеу жұмыстары қоса жүргізілуде. Мұнда «Жасыл Жуалы» КММ-сінен алты әртүрлі жұмыс жасаушы, үш техника және бес қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған.
    Жақсы істің куәсі болған көпқабатты үйлердің тұрғындарының да қуанышында шек жоқ.
    – Жақында аудан әкімі Олжас Қаржауов біз тұрып жатқан көпқабатты үйдің жай-күйімен танысып, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдаған болатын. Содан кейін үйдің маңынан асфальт төсеп берді. Талай жылдан бері шешімін таппаған бұл істің көзін жаңа сайланған аудан әкімі тапты. Қазіргі таңда әктеу-сырлау және тазалық жұмыстары қоса атқарылуда. Үйдің маңына шырай кіргізген балалар ойнайтын ойын алаңшасының салынғаны нұр үстіне нұр болды. Енді балалар ауладан алыстамай ойын ойнайтын болды. Тағы бір айта кетерлік жайт, үйдің жанындағы тозығы жеткен сарайлар және әжетханалар да сүріліп, жаңаланады деп күтілуде. Мұның өзі ауланың көркін кіргізіп, көздің жауын алатындай әдемі әрі таза болатынының белгісі, – дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Айсұлу Битемірова.
    – Біздің үйдің балалары әлі кішкентай. Бұрындары балаларымызды ойнату үшін орталық саябаққа баратынбыз. Немесе осындай алаңша үшін қалаға баратын кезіміз де болған. Бұл тек бүлдіршіндердің ғана қуанышы емес, сонымен қатар ересектердің де қуанышы. Себебі, «Балаларымыз көшеге жүгіріп шығып кете ме, көлік қағып кетер ме екен?», деп ылғи уайымдап отыратын едік. Ал, қазір өзіміздің үйдің жанынан ойын алаңшасының салынғанына дән ризамыз. Сонымен қатар, осындай игі бастаманы қолға алып, жүзеге асырған аудан басшысы Олжас Қаржауовқа алғыс білдіреміз, – дейді Дана Рысбекқызы.
    – Біз бұл үйде 2010 жылдан бері тұрамыз. Үйдің жанынан бүлдіршіндер ойнайтын ойын алаңшасының салынуы тұрғындардың көңілінен шықты. Көптен күткен қуанышқа да жеттік. Енді немерелерімізді ойнату үшін, ойнайтын жер іздеп сандалып кетпейтін болдық. Басшылық балалардың сауабын алды, – дейді Гүлмира Ақылбаева.

  • «30 игi ic» жобасы – іс жүзінде

    «30 игi ic» жобасы – іс жүзінде

    Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игi ic» жобасы аясында жалғызбасты қарт кісілерге көмектер көрсетiлді.
  • Құланда волейболдан аудандық турнир өтті

    Құланда волейболдан аудандық турнир өтті

    Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Құлан ауылындағы спортттық сауықтыру кешенінде 2005-2007 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында жазғы ойындар волейболдан аудандық іріктеу жарысы өтті.

    Жарысқа аймақтардан іріктеліп 8 команда құрама қатысып, 70-тен аса жас спортшылар өзара бақ сынады.
    Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін дәлелдеп, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті.
    Жарыс нәтижесінде l орынды А.Байтұрсынов атындағы мектебі, ll-орынды №1 лицей мектебі және lll-орынды №5 шағын орталықты орта мектебі иеленді.

    Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған түрлі дәрежедегі медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Алдағы уақытта чемпион атанған команда облыстық жарыста ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

  • Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы және жастары ұйымдарымен бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
    Іс-шараның мақсаты — қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарды бірлесе іске асыру және жастардың ынтымақтастығын дамыту, нығайту.
    Көптарапты меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі басшылары, Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының және аймақтық ассмаблея жастары, еріктілері, колледж, орта оқу орындары білімгерлері, облыстық БАҚ өкілдері атсалысты. Сонымен бірге, аталмыш шараға тараптардан — М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы — Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы — Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы — Уәли Болатбек Уәлиұлы, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы — Алебаева Айжан Ортайқызы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы — Мамедова Парида Иманжановна қатысты.
    Парида Иманжанқызы өз кезегінде: — «Жамбыл өңірі жастарының өзара ынтымақтастығының бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі бірнеше тараптық ынтымақтастық меморандумы сіздер мен біздер үшін үлкен бастама. Өңіріміздегі бірлік пен татулықты, қоғамдық пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе атқарайық», — деп, көпжақты байланысты нығайтып, идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін назарға салса, ал, қол қоюшы тараптар да алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретіндігіне: — «Бұл ынтымақтастықтың аясында түрлі шараларды өткізіп, өзіміздің жинаған тәжірибелерімізбен алмасып тұрамыз. Біз бірлескен зерттеу, талдау, ғылыми жұмыстарды да бірге жүргізе аламыз»,-деп сенім білдірді.
  • «Еңбек – ел мұраты!» атты TedX форматында жастармен кездесу өтті

    «Еңбек – ел мұраты!» атты TedX форматында жастармен кездесу өтті

    Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 қыркүйегі күні «Саналы TALKS» жобасы аясында «Еңбек – ел мұраты» атты Ted-X форматында жастармен кездесу өтті.

    Аталған жобаның негізгі мақсаты – бірегей идеяларды таратуға жол ашу. Талқыланатын тақырыптары әр түрлі: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, кәсіпкерлік, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық. Бүгінгі шара қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын айту арқылы еңбек етуге деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарды еңбекке баулу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың қоғамдық жұмыстарға тартылуына мол мүмкіндіктер ашу мақсатында ұйымдастырылды.

    Шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің докторанты, жас ғалым — Егембердиев Дәулет Қанатұлы, «Qazaqstan jastary» ҚҚ директоры — Жұмат Бауыржан Киікбайұлы және Қазақстан Студенттері Альянсының Жамбыл облысы бойынша көшбасшысы — Рақметов Асхат қатысып өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Осыған дейін Саналы Talks ашық алаңында кәсіпкерлер, жас ғалымдар мен дәрігерлер, мұғалімдер мен жастар ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес ұйым басшылар да өздерінің идеяларымен бөліскен болатын.

  • «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір!» аудандық  фестивалі

    «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір!» аудандық  фестивалі

    «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: Ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының  (2025 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір!» аудандық  фестивалі «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып өткізілді.

    2021 жылдың 29 қыркүйекте Бурыл ауылдық округінде Байтақ Қазақстан жерінде 100-ден астам ұлт пен ұлыстар бір еменнің бұтағындай, бір атаның баласындай бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Татулықты ту еткен мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Бурыл ауылында өткен «Халықтар достығы» фестивалі. Салтанатты шараның мақсаты ауданымызда тұратын әр ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырып, этномәдени шығармашылық орталықтардың жұмыстарын көрсету және жастардың шығармашылық белсенділігіне қолдау білдіру болып табылады.

    Фестивальде түрлі ұлыс өкілдері Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Сондай-ақ Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйіне қойылған «Шаттық» биі, неміс, орыс, түрік, күрд билерінен шашу шашылды. Өз өнерлерін паш еткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырылды.