Аудан әкімдері жұмыс кабинеттерін кіші бөлмелерге ауыстыруда

404

Қордай ауданы әкімі кең кабинетін әкімшіліктің мамандарына беріп, өзі 1-ші қабаттағы ықшамдалған бөлмеге көшті. Сонымен қатар, өзінің демалыс бөлмесін баспасөз алаңына айналдырды. Сондай-ақ, аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасары да бірінші қабатқа көшті.
Айта кетсек, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен облыстағы мектеп басшыларының кабинеттерін ғимараттың бірінші қабатына және ауданы үлкен емес бөлмелерге алмастыру бойынша 440 мектепке зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 35-50 шаршы метр аралықтағы алаңдарда отырған 200-ге жуық мектеп директорларының кабинеттері 11-20 шаршы метрлік алаңдарға ауыстырылып, 1000 астам шаршы метр алаң босатылды. Аталған аумақтар робототехника, химия, физика және т.б. кабинеттер ретінде қайта жабдықталып, оқушылардың пайдалануына берілген. Енді бұл бастамаға қосылуға аудан әкімдері мен басқа да мемлекеттік мекеме басшыларын шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.