Мектепте «Ашық кітапхана» ашылды

886

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бір бастама – «Ашық кітапхана» жобасы. №47 орта мектебінде адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру, оқушылардың бойында адалдық пен парасаттылықты, жауапкершілікті нығайту мақсатында кітапханашысы жоқ «Ашық кітапхана – адал оқырман» залы ашылды.

Орталықтың мақсаты: «Саналы ұрпақ» клубы аясында және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары заманауи білім орталығы» бастамашыл жобасы және кітапханалардың жаңа моделін енгізу үшін №47 орта мектеп кітапханасын, оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған заманауи білім алаңына айналдыру.

Оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануға айналдыру мақсатында кітапханада «Ашық кітапхана, адал оқырман» аймағы, «Кітап толқынында бол!» атты кітап көрмелері және кітапхана дәлізінде оқырмандар мен келуші қонақтарға мобильді кітапхана орнатылған.

Естеріңізге салып өтетін болсақ, бұған дейін «Адал кітапхана» Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ашылған болатын. Ал облыстағы мектептер арасында адалдық принципіне сай жұмыс істейтін кітапхана алғаш болып №47 орта мектебінде жұмыс істей бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.