Асқар Мырзахметов Жамбыл жұртшылығының атынан көңіл айтты

609

Кеше жалпы Қазақ елінің қабырғасын қайыстырған ауыр қайғы, еліміздегі талантты спортшылардың бірі Денис Теннің мезгілсіз қаза болуына байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов көңіл айту хатын жолдады.

«Еліміздің біртуар азаматы, Олимпиада тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық тұңғыш жүлдегер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Теннің мезгілсіз қаза болуына байланысты Жамбыл жұртшылығы атынан қайғырып көңіл айтамыз.
Денис Тен қамшының сабындай қысқа ғұмырында спорт әлемінде еліміздің көк туын талай мәрте желбіретті.
Оның мұз айдынындағы қайталанбас өнерін спортсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады.
Денис Теннің спорттағы ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды» – делінген хатта. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.