Арнайы контингент психолог көмегіне зәру

345

Жаза мерзімін өтеуші тергеудегімен сотталған азаматтар «Ақсұңқар» психодиогностикалық кешенді аппараты көмегімен тиісті көмек көздерін алуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің тергеудегі мен сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлері 13.08.2014 жылғы №508 бұйрығына сәйкес сотталған азаматтармен психопрофилактикалық жұмыстар атқаруда. Олардың барлығы мекеменің психологтарының бақылауында, әр қайсысына жеке жол табылуда. Мекеменің психологтары үшін ең басты міндет сотталғандарға психологиялық моральдық депрессиялық күйзелістерден жол тауып шығуына көмектесіп, тергеудегімен сотталғандардың қиындық барысында теріс әрекеттерге (өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне ) жол бермеу мақсатында тергеудегі мен сотталғандарға үнемі тығыз байланысты жұмыстар атқарып отырады. Осындай қиындықты бір сәтте естен шығарып, өмірге жаңаша оң көзқараспен қарап, ойша жағымды жағдайларды ойлап, түрлі психологиялық тренинг жұмыстарын жүргізіп, тергеудегімен сотталғандарға психологиялық қолдау беріп отырса, бүгінгі күні тергеудегімен сотталғандардың психикасын босаңсытып, табиги ырғақты дыбысты әуенмен, түрлі жарық сәулелермен тергеудегімен сотталған азаматтардың психикасын түрлі қиял әлеміне жетелеп, жеке басындағы қиындығын ұмытып, бойын сергітіп отыру психологтардың бүгінгі күндегі «майнд машина» аппаратымен күнделікті жүргізіліп отыратын жұмыстар болып табылады. Сонымен қатар, сотталғандардың арасында психодиогностикалық зерделеу жүргізу үшін де біршама уақытты қажет етіп қағаз жүзінде тест белгілетіп, оны жекелеп талдап көп уақыт жоғалтсақ, бүгінгі күні ҚАЖД 158/1 мекемесінде қаржы қарастырылып «Ақсұнқар» психодиогностикалық кешені аппаратымен психодиогностикалық зерделеу жұмыстары жүргізіліп отыруда. Бұл жағдай мекеме психологтары үшін біршама жетістік болып отыр. Осы «Ақсұнқар» психодиогностикалық кешені аппаратымен мекеменің арнайы контингент арасында оның ішінде психопрофилактикалық алдын-алу ессебіндегі сотталғандардың күнделікті зерделеп жиі бақылау жұмыстары жүрігізіп отырады. Алдағы уақыт аралығында мекеменің сотталғандарға арналған босаңсу бөлмесінің ішкі жабдықталуын жаңа талапқа сай толыққанды ретке келтіру жұмыстары жүргізілу психологтардың басты назарында.

А.Қ.Масатбай,

Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің
АКАТЖЖ инспектор-психологы,
әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.