ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАХМАТТАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Біздің Сарысу топырағы көптеген өнер адамдары мен танымал тұлғаларды өмірге әкелген киелі мекен.
Сол тұлғалардың бірі — Асанәлі Әшімов. Бүгінгі Жайылма ауылындағы Бөрібай Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінде Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, даңқты кино және театр актері, жерлесіміз Асанәлі Әшімовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында шахматтан ашық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сөз сөйледі. Ауданда спортты кеңінен насихаттау мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар мен турнирлерді жиі өткізу қолға алынғандығын айтып, бүгінгі турнирдің Қазақстанның Еңбек Ері — Асанәлі Әшімовты еске алуға арналған сайыстың өтуі даңқты жерлесімізге деген құрмет әрі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда, ауданда шахмат ойынын дамытуға және жас шахматшылардың шеберлігін шыңдауға оң ықпал ететіндігіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова мен аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те жылы лебіздерін жолдап, турнирді ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Жарысқа Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент Тараз қалаларынан және Түркістан, Жамбыл облыстарынан, 130 жас шахматшылар қатысып, бақ сынауда.
Comments (0)
Add Comment