Құрылтай сайлауы: таластықтар дауыс беруге белсенді …

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков өз таңдауын жасады
Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы Қаратау қаласындағы №413 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, әр азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытуы маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
///
Сайлау учаскелері таңғы сағат 06.00-де ашылып, өз жұмыстарын бастады.
Ауданда барлығы 31 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Аудандағы сайлаушылардың жалпы саны – 27827 адам.
Дауыс беру процесі таңғы сағат 07:00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Барша сайлаушыларды азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз.
ОТБАСЫМЕН ДАУЫС БЕРДІ
Сайлау учаскелеріне отбасымен келіп жатқан сайлаушыларды көру ерекше қуантады.
Бұл — азаматтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Маңызды науқанда Талас ауданы, Тамды ауылында орналасқан № 405 сайлау учаскесінде Қалыбековтер және Байкуловтер отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады!
/////
Талас ауданында Құрылтай сайлауы күні Қаратау қаласындағы №414 сайлау учаскесінде Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мәдени шара барысында өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, сайлау учаскесіне келген азаматтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
////
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында жас сайлаушылар алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Жастар өз азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына өз үлестерін қосты.
////
Талас ауданында фотоаймақтар ұйымдастырылды
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында барлық сайлау учаскелерінде арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылды.
Сайлаушылар үшін ерекше безендірілген фотоаймақтарда естелік суреттер түсіруге мүмкіндік жасалды.
///
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында Қаратау қаласындағы №416 және №518 сайлау учаскелерінде ұлттық дәстүрімізді дәріптеген тағылымды шара ұйымдастырылды.
Ұлттық киімдегі әжелер сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп, шашу шашу дәстүрін көрсетті. Ақ жаулықты әжелердің шашуы – елге деген ақ тілектің, береке мен бірліктің символы.
Игі дәстүр арқылы сайлау күніне ерекше мән беріліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды.
///
Талас ауданы, Қаратау қаласындағы №413 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы аясында «Татар этномәдени бірлестігінің» жетекшісі Малыхина Флюра Ахматовна дауыс берді.
Ол өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытты.
///
Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округіндегі №403 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы аясында дауыс беру жалғасуда.
Тұрғындар белгіленген тәртіппен дауыс беріп, азаматтық белсенділігін көрсетуде. Учаскеде азаматтардың өз таңдауын жасауына барлық қажетті жағдайлар жасалған.
////
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында Аққұм ауылдық округінің №391 сайлау учаскесіне қарт тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды.
///
Ауданымызда алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасады
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасады. Алғаш болып дауыс берген 18 жасқа толған жас сайлаушылар азаматтық белсенділігін танытып, өз құқықтарын пайдаланды.
///
Талас ауданында Құрылтай сайлауы аясында №390 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген қарияға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.
Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан ақсақалға алғыс білдіреміз!
///
Талас ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі басталды
Сайлау учаскелері таңғы сағат 06.00-де ашылып, өз жұмыстарын бастады.
Ауданда барлығы 31 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Аудандағы сайлаушылардың жалпы саны – 27827 адам.
Дауыс беру процесі таңғы сағат 07:00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Барша сайлаушыларды азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз.
Comments (0)
Add Comment