Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төленді Талас ауданы білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты «Жұрындысай» жазғы балалар сауықтыру лагеріне арнайы барып, демалушы 100 балаға «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру құндылықтарын сіңіру.
Балаларға табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, суды үнемдеу, қоршаған ортаны ластамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, айналаны таза ұстау және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, жасыл желектерді қорғау, табиғи байлықтарды көздің қарашығындай сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.
Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төленді балаларды туған өлкенің табиғатын қорғауға, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырды.
Талас ауданы