Бүгін Жаңатас қаласында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі өтті. Жиында аудан басшысы: — Қадірменді көпшілік! Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, бүгін өздеріңізбен кездесіп, 2026 жылдың І-ші жартыжылдығында ауданымызда атқарылған жұмыстары туралы баяндап, аудан жұртшылығының талап тілектеріңізді тыңдауға жиналып отырмыз. Жиынымыздың басында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын, — деп еліміздегі саяси науқан туралы баяндап өтті.
Сонымен қатар, қаладағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, шешілу жолдарын қарастыруды сұрады. Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сұрақтарға Заң аясында жауап беріп, әрбір мәселенің шет қалмайтынын жеткізді. Кездесуде соң аудан басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй және әлеуметтік қамту мәселелерін қозғады. Тұрғындардың тілегін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеп, әр мәселенің маңызды екенін айтты.