Таласта садақ атудан жарыс өтті

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Талас ауданында жастар арасында дәстүрлі садақ атудан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты – ұлттық спортты дәріптеу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Жарысқа ауданның түрлі елді мекендерінен келген жастар қатысып, мергендік пен ептіліктерін сынады.

 Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер 🥇 дипломдармен, медальдармен және 🎁 бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық спорт – ұлт рухын нығайтудың маңызды бағыты!

Comments (0)
Add Comment