Әлеуметтік жоба аясында бір адам бостандыққа шықты

434

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасы өткізілді. Жоба мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімдеуге бағытталған.
Аталған жобаның өтуіне мекеменің әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімінің қызметкерлері ұйытқы болды. Ал әлеуметтік жобаға «Феникс» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Фархад Кабардинов, Жамбыл аудандық Пробация бөлімінің инспекторы Қанат Қалдыбаев және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы Мұрат Әмреев қатысты. Жоба барысында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан К.А. есімді азаматқа ең алдымен ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінің бірқатар баптарының талаптары түсіндірілді. Бұдан кейін, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы түрлі ЖК, АҚ, ЖШС және мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, тіркелу тәртібін айтып өтті.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлері К.А. есімді азаматты қайталап құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырып, мүмкіндігінше тезірек нәтижелі жұмысқа орналасып, азат өмірде алаңсыз өмір сүруіне тілектестіктерін білдірді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМАНОВА,
ЖД-158/5 мекемесі әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары
жөніндегі бөлімінің босатылатын сотталғандарды
тұрмыстық және еңбекке орналастыру бойынша
аға инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.