Әлеуметтік салада жемқорлыққа жол жоқ

288

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында, сонымен қатар, осыған байланысты мемлекет басшысы және агенттік басшылығы тарапынан қойылған міндеттерді орындау бойынша кеңінен жұмыс жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және сот-тергеу тәжірибесіне жүргізілген талдаулар көрсеткендей, мемлекеттік органдардың ішінде сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралған салалары – әлеуметтік көмек көрсету салалары және осы салаларды қамтитын мемлекеттік бақылау, танылған.
Атап өту қажет, превентивтік шаралар таусылған кезде,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тарапынан қылмыстық-процессуалды әсер шаралары қолданылады.
Осылайша, 2019 жылы Жамбыл облысының аумағындаәлеуметтік көмек көрсету салаларында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған – 5 қылмыс тіркелген, ал 2018 жылы – 4.

Leave A Reply

Your email address will not be published.