Жамбылда Жастар жылы өңірлік форуммен түйінділмек

489

Жамбылда Жастар жылы үш күнге созылатын «SENIM! EŃBEK! JETISTIK!» өңірлік форумымен түйінділмек.

Шараға облыс жастарымен бірге республикадағы жастар ұйымдарының  көшбасшылары, бірқатар облыстардың жастар ресусртық орталығының қызметкерлері  де қатыспақ. Форумның алғашқы күні облыс әкімінің жүлдесі сарапқа салынған республикалық Жайдарман ойындарымен шымылдық  түрді. Жастар арасында танымалдылыққа ие сайысқа есімі елге танымал жас әзілкештер қатысып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Форумның секциялық жұмыстары мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін көтерумен ерекшеленгені тұр. Сондай-ақ шара аясында республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары өзара пікір алмасып, еркін диалог  құруға мүмкіндік алады.  Өз саласында айтулы жетістікке қол жеткізген жандар жастарға табысты болудың сырымен бөліседі.

Ал форум жұмысы «Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығын тапсыру рәсімімен қорытындыланады деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.