Басты міндет – абыройлы іс атқару

485

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде қазіргі таңда көптеген жастар еңбек етуде. Олар еліміздің дамып өркендеуіне, жаңғыруына өз үлестерін қосып, міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Мекеме қызметкерлерінің қызмет барысында қырағылық танытуға, абыройлы болуға, өмірлік қиыншылықтардан сүрінбей өтуге тәрбиеленеді.
Мәселен, ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес жақында ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының кәсіби даярлық бойынша инспекторларының қатысуымен аталған мекеменің жеке құрамы арасында атыс, арнайы техникалық даярлығы бойынша сабақ өткізілді. Мекеме қызметкерлерінің кәсіби іскерлігін жоғарылату мақсатында өткен сабақ барысында заңдылық пен тәртіпті күшейту үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл күні 9 мм Макаров тапаншасы шабуыл мен қорғаныстағы жақын жердегі қарсыластың күшін жоюға арналғандығы туралы және қауіпсіздік шаралары таныстырылды.

Жасұлан Құрманалиев,
Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/5 мекемесінің режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры 

Leave A Reply

Your email address will not be published.