Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауы өткізілді

39

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Е.Т. мекемеде ұсталатын сотталғандар мен тергеудегі азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында сотталғандар мен тергеудегі азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке өтініштері мен сұрақтарын қойып, құқықтық сипаттағы түсіндірмелер алды. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралды.
Аталған қабылдаудың мақсаты – мекемеде ұсталатын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін қарау және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың заңды өтініштерін уақытылы қарау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.