Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

40

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуымен мерекелік мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ сотталғандар мен тергеудегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің мәдени-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.
Мерекелік бағдарлама барысында домбыраның қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі айрықша орны туралы тағылымды ақпарат беріліп, қазақтың дәстүрлі күй өнері мен халық әндері орындалды. Қатысушылар ұлттық аспаптың рухани құндылығы мен тәрбиелік маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салып, өнерге деген құрметтерін көрсетті.
Ұлттық домбыра күніне арналған бұл іс-шара қатысушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу, қайта әлеуметтендіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени-көпшілік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.