Жазасын өтеушілер Наурыз мейрамын тойлады

749

22 – наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде сотталғандар арасында мәдени және спорттық іс-шаралар өтті. Аталған мекеменің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағындағы сотталғандардың татулығымыздың берік негізі саналатын мейрамды жоғары деңгейде тойлауға бар жағдайды жасады.
Атап айтқанда, 21-наурыз күні мекеме алаңында Әнұран айтумен басталған шара бұдан әрі мекеме клубында тергеу изоляторының басшы құрамы қатысушыларды (сотталғандарды) мерекемен құттықтауына ұласты. Сонан соң, жазасын өтеушілер ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аталған концерттік бағдарлама қызықты таныстырудан бастау алды. Қатысушылар өздері дайындаған өлең-шумақтарын, әндерін айтып, көрініс көрсетті. Концерт соңы «Атамекен» әнімен тәмамдалды.
Келесі күні мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл күні сотталғандар спорттың волейбол, белтемірге (турник) тартылу, арқан тарту және дойбы (шашки) ойынынан өзара кім мықтыны анықтады. Бұдан бөлек, 3 командаға бөлініп, эстефета ойынын ойнады. Барлық ойындар қызықты әрі тартысты өтті. Айта кету керек, дәл осы күні бекітілген жоспарға сәйкес ас (палау) пісіріліп, мерекелік жастархан жайылды.
Ал 23-наурыз күні сотталғандар арасында «Ұлыстың ұлы күні», «Сәлем, әз-Наурыз» тақырыптарында «Үздік қабырға газеті» конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесінде сотталған А.Ж.Ашимовтың туындысы ең үздік ретінде танылды. Жүлделі ІІ орын А.Қошаевқа бұйырса, үздік үштікті С.Красман түйіндеді. 24-25 наурыз яғни, демалыс күндері патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған «Елбасы жолы», «Анаға апарар жол» сондай-ақ «Құнанбай» фильмдері көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.