Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

58
🔹Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңнің басым міндеттері айқындалды. Жиында аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және саладағы өзекті мәселелер жан-жақты сөз болды.
🔹Бүгінде ауданда 28 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан халқының саны 54 094 адамды құрайды. Аудандық ауруханада 580 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 79 дәрігер мен 313 орта буын медицина қызметкері бар. Дегенмен, қазіргі уақытта 6 дәрігерге деген қажеттілік туындап отыр. Медициналық ұйымдардың құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі 87,5 пайызға жеткен. Соңғы үш жыл ішінде ауданның денсаулық сақтау мекемелері заманауи медициналық құрылғылармен толықтырылды.
🔹Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, кредиторлық берешекті азайту, медицина кадрларымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, ана мен бала денсаулығын қорғау, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысын жан-жақты зерделеп, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.