Медициналық қызметтердің қолжетімділігін жаңа амбулатория арттыруда

32
Мамыр айында Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген болатын. Қайтарылған активтер есебінен іске қосылған денсаулық сақтау мекемесінің ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова және прокуратура қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының басшылығы мен ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысқан еді.
Заманауи талаптарға сай салынған жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Бір ауысымда 45 адамды қабылдауға арналған амбулатория қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ақкөл ауылдық округіне қарасты елді мекенде бүгінде 1946 тұрғын тұрады. Жаңа дәрігерлік амбулаторияда 23 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді.
Аталған нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, ҚР Бас прокуратурасы қайтарған активтер есебінен бой көтерді. Құрылыс жұмыстарын Жобаның жалпы құны 285 миллион 221 мың теңгені құрайды.
Салтанатты шара барысында қонақтар амбулаторияның материалдық-техникалық базасымен танысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Өз кезегінде ауыл тұрғындары жаңа медициналық мекеменің ашылғанына ризашылықтарын білдіріп, бұл игі бастама елді мекен халқы үшін көптен күткен қуанышты жаңалық екенін атап өтті.
Тұрғындардың айтуынша, жаңа амбулатория медициналық көмектің сапасын арттырып қана қоймай, ауыл халқының денсаулығын нығайтуға және уақытылы ем қабылдауына үлкен мүмкіндік береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.