1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде

161
Бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттау. Осыған орай Тараз қаласының мемлекеттік мектептерінде 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала мектептеріне 4077 бала қабылданды. Бұл – мыңдаған бүлдіршіннің жаңа білім әлеміне жасайтын алғашқы қадамы.
Бүгінде №1, №8, №24, №45 және №66 мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау аяқталды. Ал қалған білім беру ұйымдарында қабылдау жұмыстары жалғасуда.
Жауапты мекеме мамандар мектеп таңдауда алдын ала ақпарат алып, қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруға шақырады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.