Қай қалалардың ХҚО-лары тек бронмен қабылдайды

224

Індеттің өршуіне байланысты кейбір аймақтардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақытта ғана бару қажет. Әзірше бұл талап Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей қалаларына және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарына қатысты. Бірақ аймақтардағы бас санитар дәрігерлердің шешімімен бұл тізім толығуы мүмкін.

Сондықтан ХҚО-ға бару керек болса, кезекті әп-сәтте онлайн белгілеуге болады. Қалай?

Egov.kz порталы арқылы:

— еgov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз

— басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз

— ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз

— қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз

— әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көрсетіңіз

Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

Ескерту: ХҚО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.