«Жасыл ел» еңбек жасағының брифингі өтті

387

2020 жылы мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен студентердің құрылыс жасақтарын жұмыспен қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында жұмыссыз жастарды, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттерінен тұратын жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілді.

Жоба аясында 412 сарбаздан тұратын «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары қызметінің құрылуын және Жамбыл облыс аумағын тазарту, көріктендіру, көгалдандыру, жөндеу және тазалау бойынша уақытша маусымдық жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар сарбаздар арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.

Жоба туралы қала жастарын кеңінен хабардар ету, жобаның ауқымды дамуы мен мақсатын кеңінен түсіндіру мақсатында танымалы әлеуметтік желілерде (@taraz_life 160 000 жазылушысы бар инстграмм парақшасына) хабарландыру берілді. Жұмыссыз жастар мен мектеп оқушыларын көптеп тарту мақсатында жұмыспен қамту орталықтары мен мектеп директорларымен де тығыз жұмыстар жүргізілді.

Тағы да ерекше назар аударатын мәселе сарбаздардың еңбек маусымы кезінде еңбек және техника қауіпсіздігін сақтай отыра жұмыс атқаруы. Осы мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасы, төтенше жағдайлары департаменті, еңбек инспекциясы мекемелері жауапты мамандарының қатысуымен арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облысның барлық аудандарының Жастар ресурстық орталығының директорларымен мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің арасында өзара ынтымақтастық турасында меморандумға қол қойылды. Екі-жақты келісімге сәйкес жоба аясында сарбаздар Жамбыл облысындағы аудандарда және қаладағы саябақтарда арық, көше бойы және аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы

«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Шахназар Жүсіпов

Leave A Reply

Your email address will not be published.