Тұңғыш Президенттің өмір жолымен тереңірек танысты

241

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.
Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді.

Бұл ретте Ұлт көшбасшысының тағылымға толы өмір жолын еліміздің әрбір азаматына таныту маңызды. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні дәл осы мақсатта таптырмас мереке. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Елбасының өмірбаяны, еңбек жолы мен саясаттағы салған сара жолы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, ол жайлы түсірілген фильмдер көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.