65 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

392

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында пресс-конференция өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев пен департаменттің басқарма басшылары Таскулов Жаннұр мен Омаров Даурен қатысты.

Таскулов Жаннұрдың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау (дәлелдеу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 113-бабы талаптарына сәйкес, әр қылмыстық іс бойынша алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізуге міндетті, себебі қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау қылмыстық іс бойынша объективті шешім қабылдау үшін анықтауға жататын мән-жайлардың бірі болып саналады

Бұл аспектіде қылмыстық-процестік заңнамасының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады, атап айтқанда ҚПК-нің 200-бабы, оның талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға міндетті қараталын ұсынулар енгізіледі.

2019 жылғы 7 айында мемлекеттік органдарға 97 ұсынулар енгізді (2018ж. 12 айында – 89).

Ұсынуларды қарау нәтижелері бойынша 65 лауазымды тұлға (2018 жылы – 55) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:

—           ескерту – 22;

—           сөгіс – 14;

—           қатаң сөгіс – 13;

—           қызметіне сәйкес еместігі ескертілген – 3;

—           мемлекеттік функцияларды атқаруынан босатылған – 4;

—           қызметінен төмендетілген – 5;

—           жұмыстан шығарылған – 5.

2019 жылғы 7 айында еңбек ұжымдарың қатысуымен (1500 астам қызметкерлер қамтылды) 30 кездесу (2018-8) өткізілді, оның шеңберінде 56 ұсыну қаралды, сондай-ақ 55 ұсыну бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.