⤵️Ғылым саласында тағы қандай өзгерістер ұсынылуда?

63
Депутаттардың бастамасымен дайындалған жаңа Заң жобасының басты новеллалары туралы. Алдыңғы постымның жалғасы (https://www.facebook.com/1120704037/posts/10222425084632183/?mibextid=cr9u03).
3. Дебюрократизация, ғылым саласындағы процедуралар мен процестердің ашықтығы бойынша:
1. Ғылыми жобаларды іске асыру мерзімдері бойынша арнайы норма енгізілді. Сәйкесінше, ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімдерін күнтізбелік жылдың бірінші айынан емес, шартқа қол қойылған күннен бастап бекіту ұсынылады.
Қазіргі уақытта бюджетте қаржыландыру күнтізбелік жылға, яғни қаңтардан бастап жоспарланады. Келісімшарттардың өзі созылып, әйтеуір қыркүйекте жасалады. Осыған байланысты, бөлінген қаржыландыру және зерттеу жүргізу мерзімі 9 айға қысқарады және іс жүзінде 3 жыл емес, 2,3 жылды құрайды. Бұл шара осы кемшілікті жоюға арналған.
2. ҒЗИ мен ЖОО-лардың ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алуына мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу туралы норма көзделеді. Бұл қазіргі ұзаққа созылған және тиімсіз процедурадан айырмашылығы, қажетті реактивтерді жедел алуға, жабдықты сатып алуға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізгенде, қолданыстағы шетелдік ғылыми сарапшылардың сараптама жүргізудің рәсімін сақтау қарастырылды.
4. Апелляциялық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі функцияларды Ғылым комитетінен Ұлттық ғылым академиясына «тежеу және тепе-теңдік» жүйесін қамтамасыз ету үшін беру ұсынылды. Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК) жұмысын Министрлік ұйымдастырып, осы Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін апелляциялау мәселелерін енді Министрлік емес, Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастыру керек.
5. ҰҒК мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілігін бекітетін және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін нормалар да қарастырылып отыр.
6. Блокчейн технологиясын пайдалана отырып, сараптаманың әрбір кезеңінің нәтижелерін сақтай отырып, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іріктеу процестерін (өтінімді қабылдаудан бастап оны растауға (қабылдауға) дейін) міндетті автоматтандыру жөніндегі нормалар. ҒҒТСО (НЦГНТЭ) сарапшылары арасында ғылыми жұмыстарды бөлу процесін автоматтандыру. Бюджет есебінен жүргізілген ҒЗЖ нәтижелері бойынша есептерді міндетті түрде жариялау, конкурстық рәсімдердің мониторингі жүйесін енгізу ұсынылады.
7. Уәкілетті органның және тиісті ұйымдардың Ғылым туралы заңнаманың мерзімдерін, ережелері мен нормаларын орындау жөніндегі жауапкершілігін бекітетін норма ұсынылды. Қазір бекітілген нақты мерзімдері болса да ол мерзімдер министрлік тарапынан өрескел бұзылуда, соның кесірінен ғылыми зерттеулер уақытылы жүргізілмей, ғалымдар уақытылы қаражат/жалақы ала алмай отыр.
8. ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру туралы жыл сайынғы есептерін жариялау бойынша норма енгізіледі.
9. Ұжымдық пайдалану зертханаларын құру және олардың қызметін реттейтін арнайы нормалар енгізілді.
10. ЖОО-лармен тығыз ынтымақтастық және тиісті лицензиясы бар университетте PhD-де оқытудың ғылыми-әдістемелік бөлігін игеру шартымен бірқатар ҒЗИ базасында диссертациялық кеңестер ашу бойынша норма енгізілді.
11. Академиялық адалдық, ғылыми этика кодексін бекіту бойынша арнайы нормалар енгізілді.
12. PhD диссертациясын қорғауға шығу үшін (гуманитарлық және бірқатар бағыттар үшін) Скопус пен WofS басылымдарында мақала шығару туралы міндет, енді осындай міндетті шарт бола алмайтындығы туралы норма ұсынылады. Яғни басқа критерийлер мен талаптар бойынша диссертацияларын қорғауға мүмкіндік беру. Мысалы министрліктің бекіткен тізіміне кіретін журналдар әлде басқа да шарттар болуы мүмкін осы бағыттар бойынша.
13. Дәйексөз жүйесінің жұмыс істеуі және Министрліктің тиісті ережелерін бекіту және ақпараттық жүйелердің жұмысы жөніндегі нормалар (ғалымдар базасы, аккредиттеу). Министрлік үшін КИНЦ-тің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша құзыреттер бекітіледі.
14. Өз саласы бойынша нысаналы қаржыландыру бағдарламалары үшін нақты ғылыми-техникалық міндеттер қоюмен айналысатын салалық министрліктер мен облыс әкімдіктері жанынан ғылыми-техникалық кеңестер құру және олардың жұмыс істеуі. Біздің ғылымдағы ең басты проблеманың бірі нақты, өлшенетін ғылыми-техникалық мақсаттар қою жүйесінің жоқтығы. Мемлекет ПЦФ бойынша өзіне керек нақты өлшенетін ғылыми-техникалық мақсаттар қоймай, нәтиже болмайды.
15.Ғылыми зерттеулерді әртүрлі мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ҒЗИ жүргізетіндігіне байланысты министрлік атынан уәкілетті органның үйлестіруші рөлін күшейту бойынша бірқатар тетіктер ұсынылады.
16.ЖОО-лар ғана емес, ҒЗИ жанынан Эндаумент қорларын құру құқығы енгізіледі.
17. Ұлттық Ғылым академиясы бойынша заң жобасында арнайы бөлім қарастырылды. Және де Ұлттық Ғылым академиясының атауын мемлекеттік Ұлттық Ғылым академиясы қолдану құқығы туралы, оның нақты құзыреттіліктері туралы арнайы нормалар да бар. Ал қоғамдық бірлестік форматында құрылған Ғылым Академиялары өз жұмысын заңнамаға сәйкес жалғастыра беретін болады.
18. Ғылым туралы Ұлттық есепті Ұлттық Ғылым академиясы дербес дайындап, министрлікке емес, тікелей Мемлекет басшысына енгізу туралы норма да бар. Түзетілмеген ғылымның дамыуы мен проблемалары туралы Ұлттық есеп сонда тікелей Президентте болады.
18. Ғылым және білім бойынша арнайы экономикалық аумақтар құру туралы нормалар. Мысалы, Қонаев пен Курчатовта, Катар, Сингапур, БАӘ тәжірибесі бойынша арнайы салық және құқықтық режимі бар, онда жоғары оқу орындарының ғылымды қажетсінетін өндірістері мен шетелдік кампустарын ашуға болады. СЭЗда қолданатын біраз тетіктер коммерциализацияға, стартаптарды дамытуға, жалпы қолданбалы ғылымды дамытуға үлкен мүмкіндік ашатыны сөзсіз.
19. ЖОО-лар бойынша. Әр лига үшін бәсекеге қабілеттілік және дербестік деңгейі бойынша жоғары оқу орындарын лигаларға бөлу арқылы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту нормасы да ұсынылып отыр.
20. Тікелей қаржылардыру мен базалық қаржыландыруды жақсы деңгейдегі ғылыми әлеуеті мен ғылыми мектептері бар университеттерге де беру туралы нормалар бар. Тағы бір ерекшелігі, еліміздегі өте мықты жекеменшік ЖОО-лардың қалыптасыуна байланысты оның меншігіне емес, ғылыми әлеуеті бойынша бірдей мүмкіндіктер де қарастырылды.
Осы және басқа да нормалар Үкіметке қорытынды алу үшін жіберілді.
————————————————-
Какие изменения ждут отечественную науку?
Продолжение поста об инициированном депутатами законопроекте о науке.
Часть 3. Нововведения по дебюрократизации, прозрачности процедур и процессов.
1.Введена норма по срокам реализации научных проектов. Закрепляются сроки финансирования именно с даты подписания самого договора и итогов конкурса, а не с первого месяца календарного года.
Сейчас, финансирование закладывается на календарный год, с января, а когда договор заключается в сентябре, то в связи с этим, выделенное финансирование и сроки проведения исследования сокращаются на 9 месяцев и фактически составляют не 3 года, а 2,3 года. Данная мера призвана устранить этот недостаток.
2.Норма об установлении особого порядка проведения государственных закупок на приобретение НИИ и вузами товаров и услуг, необходимых для научных исследований и работ, чтобы дать возможность ускоренного получения необходимых реактивов, закупа оборудования в отличие от нынешней затянутой и неэффективной процедуры.
3.Предлагается сохранить существующую процедуру проведения экспертизы зарубежными научными экспертами, да и в целом существующая система экспертизы адекватно отвечает требованиям, при условии обеспечения прозрачности и законности процедур.
4.Предложено передать функции по организации работы апелляционных советов от Комитета науки в НАН РК для обеспечения системы «сдержек и противовесов». Таким образом, если работу ННС организует МНВО, то вопросы апелляции решений ННС будет организовывать НАН РК.
5.Нормы закрепляющие ответственность, в том числе в рамках антикоррупционного законодательства, членов ННС за принимаемые решения и обеспечивающие прозрачность их работы.
6.Нормы по обязательной автоматизации процессов отбора научных проектов и программ (от приема заявки до ее подтверждения (принятия) с сохранением результатов каждого этапа экспертизы с использованием технологии блокчейн. Автоматизации процесса распределения научных работ среди экспертов НЦГНТЭ. Сделать обязательной публикации отчетов по результатам НИР проведенных за счет бюджета, внедрить систему мониторинга конкурсных процедур.
7.Предложена норма закрепляющая ответственность уполномоченного органа и соответствующих организаций по исполнению сроков, правил и норм законодательства о науке.
8.Норма по публикации ежегодных отчетов вузами и НИИ о реализации НИР.
9.Внесены специальные нормы регулирующие вопросы создания и деятельности лабораторий коллективного пользования.
10.Внесена норма по открытию диссертационных советов на базе ряда НИИ при условии тесной коллаборации с вузами и освоения научно-методической части обучения в PhD в университете имеющем соответствующую лицензию в порядке определенном уполномоченным органом.
11.Внесены и специальные нормы закрепляющие понятия академической честности, утверждения Кодекса научной этики.
12.Предлагается норма о том, что для выхода на защиту диссертации PhD (для гуманитарного и ряда направлений) публикации в Скопус и WofS не могут быть обязательным условием. Уполномоченный орган мог бы к примеру, требовать статьи в журналах входящих в перечень министерства и иное.
13.Нормы по функционированию системы цитирования и утверждению соответствующих правил уполномоченным органом и работе информационных систем (база ученых, аккредитации) и закрепление компетенции по обеспечению функционирования КИНЦ (Казахстанского индекса научного цитирования) за МНВО.
14.Создание и функционирование Научно-технических советов при отраслевых министерствах и при областных акиматах, которые будут заниматься постановкой четких научно-технических задач для ПЦФ по своей отрасли.
15.В связи с тем, что научные исследования проводятся различными государственными органами и их подведомственными НИИ, предлагается ряд механизмов по усилению координирующей роли уполномоченного органа в лице МНВО.
16.Право на создание Эндаумент фондов при НИИ, а не только вузах.
17.Нормы ограничивающие использование наименование НАН РК общественными и иными организациями. Также предусмотрен отдельный раздел с компетенциями НАН. Отраслевые же Академии работающие в оргправовой форме общественных объединений продолжат свою работу в рамках соответствующего законодательства.
18.Нормы о создании Специальных экономических территорий по науке и образованию например, в Конаеве и Курчатове, со специальным налоговым и правовым режимом по опыту Катара, Сингапура, ОАЭ, где можно открывать наукоемкие производства, иностранные кампусы вузов и тд.
19.Норма по расширению академической и управленческой самостоятельности вузов через деление на лиги по конкурентоспособности и уровни автономии для вузов из каждой лиги.
20.Норма предоставляющая возможность получения прямого и базового финансирования для вузов имеющих соответствующий научный потенциал и научные школы. Причем, вне зависимости от формы собственности, главное — качественные показатели.
Эти и другие нормы направлены в Правительство для получения заключения.

 

Askhat Aimagambetov 

Leave A Reply

Your email address will not be published.