ТҮЛЕКТЕРІ 100 ПАЙЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНГЕН МЕКТЕП

88
Ақтоғай орта мектебінің биылғы жылы мектеп бітіруші түлектері 100 пайыз грант иеленді.
Биыл Ақтоғай орта мектебін 8 оқушы аяқтаса, оның ішінде 3 түлек «Алтын белгіге» ие болды.
Бұл мектепте мектеп бітіруші түлектердің жыл сайын 100 пайыз Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы дәстүрге айналған.
Ақтоғай орта мектебінің биылғы мектеп бітіруші түлектерінің ҰБТ қорытындысы орташа 95 баллды құрады.
Осының бәрі білім беруден жалықпаған ұстаздар еңбегінің жаңғаны және ата-ана мен мектептің тығыз байланыста жұмыс жасағандарының нәтижесі.
Білімнің биігіне қанат жайып, таңдаған мамандықтары бойынша 100 пайыз грант иеленіп, алтын ұя мектебінің абыройын асқақтап отырған жас түлектерге әрқашан сәттілік болсын!

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.