⚡️Шымкент полицейлері аутизм дертіне шалдыққан жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды

129
Полицияның «102» арнасына ерекше баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Жергілікті тұрғын 4 жасар ұлының аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін жеткізді.
Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, ер адам полицияға көмек сұрап жүгінді.
Жоғалған баланың қайда екенін анықтау үшін Қаратау АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты түгелдей шолып , жергілікті тұрғындардан сұрастырды.
Нәтижесінде бала бір сағаттың ішінде көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен әкесіне қайтарылды. Өз кезегінде әбден алаңдаған ата-ана тәртіп сақшыларына жедел жұмыс жасап, немқұрайлық танытпағаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Полицейлер балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды перзенттеріне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

 

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.