⚜️ Бөбек жай қызметкерлері арасында «Көңілді сөре» спорттық жарысы өтті

61
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Талас ауданының 95 жылдық мерейтойына арналып Бөбек жай қызметкерлері арасында аудандық «Көңілді сөре» спорттық жарысы өтті.
Денешынықтыру—сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған спорттық іс—шараға аудан орталығындағы бөбекжай бақшалар ұжымы қатысты.
Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Спорттық сайыс кедергілер арасымен жүгіру, секіртпемен кедергілер арасымен секіру, баскетбол добын кедергілер арасымен алып жүру, қаппен секіру, арқан тарту.
Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Барлық қатысушылар ептілік, күш, шапшаңдық танытып, ең бастысы – сергектік пен көптеген жағымды эмоциялар алды!

 

Мақсат Арапұлы Қазанғапов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.