Шаруалар мұқтажы шет қалмайды

160

Жаз айларында орын алған суармалы су тапшылығы мен құрғақшылық салдарынан зардап шеккен Жамбыл облысының шаруалары толығымен өтемақы алды деп хабарлайды 08info.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында жамбыл облысы әкімінің орынбасары мәлім етті. Спикердің айтуынша, облыс шаруаларына келтірілген шығынды өтеу үшін ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде елдің төтенше резервінен 3,7 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Арнайы комиссия зардап шеккен ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, шаруалардың ұсынған растайтын құжаттары бойынша өтемақы төленетін тізімге 358 шаруа қожалығы енген. Оларға төтенше резервтен 2,7 млрд. теңге өтелген.

Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде суармалы егіс алқаптарындағы 9 мың гектардан астам жерге егілген өнім – жазғы кезеңде суармалы су тапшылығы мен құрғақшылықтан жарамсыз деп табылған дейді Қанатбек Мәдібек.

Бөлінген 3,7 млрд. теңгенің 890 млн. теңгесі ауыл шаруашылығы тауларын өндірушілер тарапынан растайтын құжаттарды ұсынбауы, кейбір жағдайларда олардың сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданынан алты шаруа қожалығы тиісті құжаттарды ұсынбаған. Байзақтық екі шаруа өтемақы алудан бас тартса, Меркі және Байзақ ауданының үш шаруа қожалығы субсидиялар бөлінген дақылдардан басқа дақыл түріне субсидия беруді талап еткен. Бұл ретте өзге дақылдар бойынша субсидия алынған. Сонымен қатар, қордайлық тоғыз, байзақтық төрт шаруа қожалық талаптарға сай келмеуі, яғни, жерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауына байланысты өтемақыға қол жеткізе алмады. Арнайы комиссия Меркі және Т.Рысқұлов ауданының 6 шаруа қожалығына өз ұңғымаларының болуы себебінен және Талас ауданының 1 шаруашылығына «Қазсушар» РМК-мен келісім шарттың болмауына байланысты өтемақы беруден бас тартты- деп баяндады облыс әкімінің орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.