Үйінен төртінші рет кетіп қалған: Шымкентте 15 жастағы қыз бес күн бойы табылмай жатыр (видео)

229

жоғалған қыз

Lider.kz еріктілер парақшасында анасының көмек сұраған бейнежазбасы тарады.

«30 желтоқсаннан бері табылмай жатыр. Бүгін бесінші күн. Өтінемін, менің қызымды табуға көмектесіңіздерші. Бәрі өзімді кінәлайды. Бірақ менің кінәм не, мен жұмыста болдым. Ол ұлыммен сөзге келіп қалған. Мен үйге келгенде, ол 10 сағат бойы үйде болмапты», –  деді әйел.

15 жастағы Анела Сағидуллаева 30 желтоқсан Шұбаркөл көшесі 315 мекенжайындағы үйден кетті. Телефоны да, ақшасы да жоқ.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді. Олардың айтуынша, қыз төртінші рет үйден қашқан.

«30 желтоқсанда жергілікті тұрғындар Абай аудандық полиция басқармасына 15 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы өтініш білдірді. Оның туыстарымен жанжалдасып, белгісіз бағытқа кеткені анықталды. Бұрын кәмелетке толмаған бала үйден 3 рет кетіп қалған, бірақ полиция оны тауып, ата-анасына қайтарған. Бесінші күні оны учаскелік инспекторлар, Шымкент полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер іздеуде», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қыздың  бойы 165-170 сантиметр, шашы қара-қоңыр, көздері қоңыр. Ол қара түсті күртеше мен шалбар киіп, аяқтарында ашық түсті кроссовка.

Көрген-білген адамдар болса, 8 777 679 18 24 немесе 102 нөмеріне хабарласуыңыз сұралады.

https://stan.kz/uyinen-tortinshi-ret-ketip-kalgan-shimkentte-15-zhastag-375609/

Leave A Reply

Your email address will not be published.