Бір отбасының жеті адамы жоғалды: Алматы облысында жолға шыққандарды іздеу жүргізілуде

92

дрон

Іздеуге дрон мен қарда жүретін көліктер жұмылдырылды.

ТЖМ ресми өкілі РусланИманқұловтың айтуынша, 3 қаңтар күні сағат 08:00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелек ауылынан 80 шақырым жерде таулы жердегі Бортоғай су қоймасында төрт ер адам, екі әйел және бала жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Туыстарының айтуынша, 2 қаңтарда олар екі жеңіл автокөлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай кетіп, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеуді ТЖ департаментінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық полиция бөлімінің күштері жүргізеді.

Иманқұлов сағат 17:00-де іздестіру аймағын кеңейту үшін республикалық жедел-құтқару жасағының 2-ші тобы кеткенін айтты.

https://stan.kz/bir-otbasinin-zheti-adami-zhogaldi-almati-oblisinda-zho-375606/

Leave A Reply

Your email address will not be published.