Үйінді астында 278 сағат жатқан ер адам аман қалды

78

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 278 сағат өткенде 45 жастағы ер адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz Haber7.com басылмына сілтеме жасап.

Құтқарушылар Хатайдың Дефне ауданындағы Электрик Махаллесі  көшесіндегі ғимарат қирандыларынан Хакан Ясиноглу есімді ер адамды аман алып қалды. Ол алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жеткізілді.

Үйінді астында 278 сағат жатқан ер адам аман қалды

Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты.

https://turkystan.kz/article/213874-uyindi-astynda-278-sagat-zhatkan-er-adam-aman-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.