Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

183

1. Үшінші тұлғаға порталда авторизациялану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет.
2. Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның (пайдаланушының) ЖСН енгізу және «пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру» батырмасына басу керек.
3. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен (электрондық-цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою керек.
Егер Пайдаланушы порталда және АМБ-да тіркелсе, Пайдаланушыға сұрау салуды келісу (бас тарту) үшін жеке кабинетке хабарлама, сондай-ақ үшінші тұлғаның оған электрондық анықтаманы алғанын растау сұрауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама жіберіледі.
Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін Пайдаланушының жауабы саналмайды.
4. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.
Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау-салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.
* үшінші тұлға ретінде жеке және заңды тұлға бола алады.
** пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға бола алады.
** Тұрғылықты жерінен мекен-жай мәліметтерін беру
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама беру
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы анықтама беру
Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама беру
Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру
Наркологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
Психоневрологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
Туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат
Жеке тұлғаның салық міндеттемелерін орындау жөніндегі бюжетпен есептесу жағдайы туралы жеке есеп-шоттан үзінділерді беру
Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру
Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған ақша бөлу сомалары жарналар туралы ақпарат беру
Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша
Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру
«Болашак» халықаралық стипендиясы иегерінің беделі туралы анықтама беру
Жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркелгені және тоқтатылғаны ЖТ анықтама алу
Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын анықтау бойынша анықтама беру

Сарысу аудандық ХҚК бөлімінің басшысы К.Аманкулов

Leave A Reply

Your email address will not be published.