Үш ауылда демеушілер есебінен салынған ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілуде

97

Жамбыл облысында ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту әлеуметтік жобасы жалғасуда.

Жамбыл облысының Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел елді мекендерінде жергілікті халықтың өмір сүру сапасын және осы ауылдардың жайлылығын арттыруға арналған жергілікті инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС және «Дамыған әлем» қоғамдық қорының бірлескен күш-жігерімен Жамбыл облысы Ұланбел ауылында балалар ойын, воркаут және баскетбол алаңдарын салу ісі аяқталып, пайдалануға берілуде.

Сондай-ақ, аталған демеушілердің қаржылық қолдауымен «Дамыған әлем» қоғамдық қоры Жамбыл облысының Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді мекендерінде де осы секілді жұмыстарды аяқталып, ел игілігіне тапсырылуда.

Жамбыл облысы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.