Бұл апта көпшілік жұлдыз белгілері үшін сәтті болмақ. Алайда бұрын шешілмеген проблемалардың ушығып кету қаупі де бар. Бұл жағдайда өзгерістерге уақытында жылдам бейімделе алған және болашаққа деген жоспарларын түзетуге дайын болған жұлдыз белгілері ұтады.
Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір
Аптаның бірінші жартысында импульсивті және ойланбай әрекет етуіңіз мүмкін. Сондай-ақ өзімшіл болуыңыз және біреуге бірдеңе дәлелдегіңіз келуіңіз мүмкін. Алайда кейін өз әрекетіңіз үшін ұяласыз, бірақ бұл кезде сізден қалған әсерді түзету қиынға соғады. Сондықтан бұл аптада өз эмоцияларыңызды бақылауда ұстап, ойланып әрекет етуге тырысыңыз.
Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр
Торпақтарға бұл апта келешегі бар жобалар және материалдық саламен байланысты мүмкіндіктер сыйлайды. Денсаулық жағынан, Торпақтардың бұл аптада хал-жағдайлары жақсы болады, ал оған дейін ауырып қалғандар жылдам жазылады. Өмірлік күштеріңіздің артуы бұған дейін кірісе алмай жүрген істеріңізді аяқтауға мүмкіндік береді.
Егіздер
21 мамыр – 20 маусым
Егіздер бұл аптада отбасыдағы қатынасқа және қаржылық салаға байланысты сұрақтарда барынша жауапкершілік танытуы керек. Бұл жұлдыз белгісінің көпшілік өкілдері «есейгендігін» көрсететін экзаменнен өтуі керек болады. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты.
Шаян
21 маусым – 22 шілде
Шаяндар бұл аптада өздігінше таңдау жасай алмай, жағдайларға бағынуға мәжбүр болады. Бұл кезең жұмаға дейін созылып, Шаяндарға көптеген жағымсыз әсерлер береді.
Арыстан
23 шілде – 22 тамыз
Арыстандар сынға ұшырайды. Бұл сізді уайымдатуы мүмкін. Алайда көп жағдайда сын орынсыз болмақ. Сондықтан жаныңызға жақын қабылдамауға тырысыңыз. Әйтпесе, бұл сіздің иммунитетіңізге әсерін береді: тұмауратып қалуыңыз мүмкін.
Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек
Бикештерде белсенді және қызықты апта басталмақ. Олар мақсаттарына оңай жетеді және көпішіліктің назарында болады. Бикештерден шығатын жасампаз энергия өзіне адамдарды тартады.
Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан
Бұл апта Таразыларды тұрақтылықпен және тәртіптілікпен қуантады. Өздерінің материалдық жағдайларын жақсартуға мүмкіндіктер туады. Бұл, әсіресе, өндіріс, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік немесе азық-түлік саласында жұмыс істейтіндерге қатысты айтылған.
Сарышаян
23 қазан – 21 қараша
Кез келген өзгерістер сізге пайдасын тигізеді. Біреумен сөйлескенде бейтараптық ұстаныңыз, жанжалдарға араласпауға тырысыңыз. Қаржы жағынан проблемалар болады, сондықтан осы аптада барынша үнемдеңіз.
Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан
Мергендерді апта жақсы қаржылық жағдаймен, бағалы сыйлықтармен және қымбат нәрселер сатып алумен қуантады. Бұл жұлдыз белгісінің кей өкілдері осы кезеңде шопоголизммен «ауырады» және қажет емес заттарға ақшаны оңай жұмсай салуы мүмкін. Чектерді сақтап қойыңыз, себебі кейін олардың жартысынан көбін қайта тапсырғыңыз келуі мүмкін.
Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар
Тауешкілерде бұл апта жан-жағын түсінумен өтеді. Бұрын сұрақ тудырған жағдайлардың жауабы табылады және айналадағылардың әрекеттерінің себебі айқындала түседі. Кәсіби салада жұмыс қарқынын сәл азайтуға және бос уақытты жақындарыңызбен өткізуге мүмкіндік туады.
Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан
Суқұйғыштар осы аптада қандай да бір жағымсыз әсерден арылуға мүмкіндік алады: ол зиян әдет немесе тәуелділік болуы мүмкін.
Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз
Балықтардың кей жоспарлары орындалмай қалуы мүмкін. Бұл олардың бұрын көрсеткен жауапкершіліксіздігімен, шешім қабылдауды созып жүруімен байланысты болуы мүмкін.
А. Жапатова
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/74661/?utm_source=smi24