Жолды кесіп өту керек: жасөспірімдер арасында қауіпті ойын тарап жатыр

46

Ойын “Жүгір немесе өл” деп аталады екен. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескертіп жатыр.

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.

“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды», – деді куәгер.

Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір біріне ескерту жіберіп жатыр.

“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жігіттерді көрсеңіз, абай болыңыздар”, – деп айтылады хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/235284-zholdy-kesip-tu-kerek-zhas-spirimder-arasynda-auipti-oyyn-tarap-zhatyr

Leave A Reply

Your email address will not be published.