Ағымдағы жылдың басында ел өміріндегі маңызды құжат – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Жолдау – Қазақстанның жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат.
Өйткені, қазақстандық индустрия мен агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу – Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мұның барлығы Қазақстанның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.
Сонымен қатар, Президент дәстүрге сай биыл да әлеуметтік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адами капиталды қазақстандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретінде белгілеген.
Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Ол жаңа экономикалық саясат, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттер.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру барлығымызға үлкен жауапкершілік, зор сенім.
Ел саясаты мен Үкімет тапсырмаларын жүзеге асыруда ынтымақ пен ауызбіршілік арқасында Сарысу өңірінде тұрақты экономикалық өсім қалыптасып келеді. Бұған ауданның әр тұрғыны өзіндік үлес қосып отыр.
Балабек Нарбаев, Сарысу ауданының әкімі