Жол жөндеу жұмыстары жандануда

857

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы аясында аудандағы пилоттық жобаға енген Айдарлы ауылында біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ауылдық округте «Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы» аясында 3 көшенің жол жамылғысы орташа жөндеуден өтпек. Атап айтар болсақ ауылдық округтегі Итбасов көшесі – 2,6 шақырым, Орынбаев көшесі – 1,9 шақырым, Орталық көшесі – 1,32 шақырым. Аталмыш нысанның сметалық құны 127 461,439 теңге. Нысанды «Жігер-2004» ЖШС ұтып алған. Қазіргі таңда тегістеу, нығыздау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық техникаларын жұмылдырған мердігерлік ұйым тамыз айынның ортасына дейін құрлыс жұмыстары аяқталады дейді.Сондай-ақ мердігерлік ұйым жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 азаматты жұмысқа қабылдап, 85 мың тенге көлемінде айлық төлемек.
Сонымен қатар ауылдық округте шағын футбол,теннис үстелі мен стритворкаут алаңшалары орнатылуда. Нысанның сметалық құны 12 млн 710 мың тенге. Аталмыш құрлыс нысанын «Талас-сервис құрлысы» ЖШС ұтып алған. Нысанның құрлыс жұмыстары осы маусым айында басталып, қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
Мойынқұм ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.