Жетісуда екі ер адам үйінде отырған әйелге шабуыл жасап, 22 миллион теңгесі мен көлігін ұрлап кеткен

129

21 сәуір полицейлерге Көктал ауылындағы жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Үй иесі 28 жастағы әйелдің айғақтарына сәйкес маска киген екі белгісіз ер адам үйге басып кірген.

Белгілі болғандай, әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап етіп, тұншықтырған. Нәтижесінде, ойлағандарын іске асыра алмай, екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен. Шығын көлемі 22 млн теңге.



“Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды”, — дейді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

https://stan.kz/zhetisuda-eki-er-adam-uyinde-otirgan-ayelge-shabuil-zha-381194/

Leave A Reply

Your email address will not be published.