Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалды. Оқиға Панфилов, Сарқан аудандары және Текелі қаласында тіркелген деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жүкті болғандар – 9 және 10-сынып оқушылары. Мәселен, Панфилов ауданында жүкті болған қыз 9-сыныпта оқиды. Ал Сарқан ауданы мен Текелі қаласында екіқабат болған қыздар 10 сыныптың оқушысы.
Деректі Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.