Жетісу облысы Ақсу аудандық соты төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

132
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Антикор Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тергеу басталғанын растайды», — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Фото аудандық сот

https://massaget.kz/news/jetsu-oblyisyi-aksu-audandyik-sotyi-toragasyinyin-ustnen-125111/

Leave A Reply

Your email address will not be published.