Талдықорғанда құрылыс компаниялары үлескерлерді заңсыз тартқан

65

istockphoto.com

Талдықорғанда құрылыс компаниялары үлескерлерді заңсыз тартқан: 22 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Талдықорған қаласының прокуратурасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау барысында тиісті рұқсат алмай, жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын заңсыз тарту фактілері анықталды, бұл азаматтардың мүліктік мүдделеріне қауіп төндіреді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі құрылыс салушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, салынған айыппұл сомасы 3,2 млн теңгені құрады. Бұл шаралар заңдылықты қалпына келтіруге және халықтың тұрғын үй нарығына деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырады: қаражатты тек заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес келетін нысандарға ғана салу қажет.

Сонымен қатар, прокуратура аумақты қоргандардың жұмысын үйлестіруді жалғастырып, құқықбұзушылықтарды уақтылы анықтауды, олардың жолын кесуді және халықтың заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280224-taldyqorgan-qalasynda-qurylys-kompaniialary-uleskerlerdi-zansyz-tartqan

Leave A Reply

Your email address will not be published.