«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауынан оқушыларымыз үлкен жеңіспен оралды!
Тікелей эфирде өткен байқауда оқушыларымыз Өтеулі Бинұр мен Қайратұлы Бейбарыс «Теңіз толқындарынан электр энергиясын өндіру» және «Күн сәулесін тиімді пайдалана отырып жер бетін жарықтандыру » атты еңбектерімен 1 орындарды иеленді. Осы Техникалық жобаға ұйытқы болған және дайындаған «Әуе үлгілеу» үйірмесінің педагогі Қ.Отарбаевқа ғылым мен білім жолында шығармашылық табыстар тілейміз.
Сонымен қатар, жүлделі орынмен келген «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығының оқушылары Қызылорда қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.
Жамбыл ауданы