Сарысулық ардагерлер киелі өңірге саяхат жасады

121
Ауданымызда еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, қамқорлық жасау, оларды саяхатқа шығару дәстүрге айналған.

Өйткені, олардың дені Отан игілігі үшін ең құнды байлығын – саналы ғұмырын тарту еткен. Қариялар салған сара жол көпке өнеге. Осыған орай, ардагерлеріміз жыл сайын тарихи, мәдени орындарды аралап келеді.

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевтің бастамасымен «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим-Тыңайтқыш» компаниялары, аудандық орталық ауруханаларының қолдауы нәтижесінде аудан қариялары Түркістан қаласына бір күндік сапарға барып, киелі мекеннің әсем жерлерін тамашалады.
Бір топ делегаттың басын қосқан игі-іс шараға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген, әр ауылдық округтің белсенді қариялары қатысты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.