ЖАЙЫЛМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

230
Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытовтың 2023 жылғы 03 мамырдағы №173 өкімімен Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округінің әкімі болып Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы тағайындалды.
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы сайлауда жергілікті тұрғындардың таңдауымен жеңіске жеткен Жандарбек Бекболатұлын ауыл тұрғындары мен ұжымына ресми таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы 1974 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2004 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық институтын жерге орналастыру және кадастр мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 1991 жылы Калинин атындағы қаракөл қой совхозында жұмысшы болып бастаған.
1997-1998 жылдары Б.Серікбаев атындағы жеке өндірістік кооперативінің бас агрономы, 1998-2004 жылдары «Тәуірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2004 жылы Сарысу аудандық жер инспекциясы бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, 2007-2008 жылдары Әйтеке би атындағы орта мектебі директорының өндірістік шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2012 жылдары «Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2012-2016 жылдары Жаңаталап ауылдық округінің әкімі, 2016-2017 жылдары Жайылма ауылдық округінің әкім, 2018-2019 Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы, 2019-2023 жылдары Жайылма ауылдық округінің әкімі.
2023 жылдың 3 мамырынан бастап Жайылма ауылдық округінің әкімі.
Отбасылы, 6 бала тәрбиелеуде.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.