Жастарды шыңдаған жоба

41

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай, профессор Х.К.Оспанов атындағы «Физхимик – 2024» Халықаралық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, сондай-ақ Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Олимпиаданың ашылуына химия және химиялық технология факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор А.Галеева, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.Аубакиров, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценті А.Түсіпбекова және олимпиаданың демеушілерінің бірі «ALEMTRADE» ЖШС директоры – магистр С.Қазақбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиадаға өз университеттерінің қабырғасында іріктеу кезеңінен өткен студенттер қатысты. Олимпиада онлайн форматта өтіп, екі турдан тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Физикалық химия» курсының химиялық термодинамика және химиялық кинетика бөлімдері бойынша тест тапсырды. Тестілеу «Kahoot» білім беру платформасында өткізілді. Екінші кезеңде қатысушылар физикалық химия саласындағы когнитивті, функционалдық және жүйелік құзыреттерді анықтауға бағытталған әртүрлі күрделіліктегі үш есепті шешуі керек болды.

Қазылар алқасы жұмысының нәтижелері бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды: I дәрежелі дипломмен студент Мақсат Еркешов (ҚазҰУ), II дәрежелі дипломмен Сұлтан Ілияс (ҚазҰУ), Асқар Мұқанов (ҚазҰУ), Татьяна Фишер (ҚарУ), III дәрежелі дипломмен Виктория Полякова (ҚарУ), Жансая Бақытжанова (ҚарУ), Азиз Бауыржанұлы (ҚазҰУ) марапатталды. Сондай-ақ, жақсы нәтижелері үшін келесі Айпері Дуйшеналықызы (ҚМУ, Бішкек.), Азат Нұрмаханбет (ҚазҰУ), Дариға Жаңбырбаева (ҚарУ, Қарағанды.), Эрика Карташева (СҚУ, Петропавл.), Алина Жабина (СҚУ) сияқты студенттер марапатталды.

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары, докторанттары мен студенттері белсенді атсалысты.

Е.УСИПБЕКОВА,

ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің оқытушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.