Жастар саясатында жүйелі жұмыс жүргізілуде

249

– Серікбол Қайратұлы, әңгімемізді өңірдегі жастардың хал-ахуалынан бастасақ. Жалпы Жамбылда неше жас бар?

– Облыстағы жалпы жастардың саны 255 240. Жастар жалпы облыс халқының 22,4 пайызын құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, кейінгі буынның 95 115-і (37,3%) қалада, 160 125-і(62,7%)ауылдық елді мекенде тұрады.

Жастар арасында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты жағдайлар жасалуда.Жыл басынан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы саны 6 516 шара (қала — 530, ауданда — 5986) өткізіліп, оған 153 493 адам (қала — 16 459, аудандар — 137 034)қамтылды.

Оның ішінде, «Рухани-адамгершілік» бағыты аясында барлығы 22 670 адамды қамтыған 1 174 іс-шара, «Әскери-патриоттық» бағыты аясында барлығы 7 382 адамды қамтыған 348 іс-шара, «Спорттық» бағыт бойынша барлығы 15 933 адамды қамтыған 506 іс-шара, «Мәдени-шығармашылық» бағыты аясында барлығы 21 279 адамды қамтыған 765 іс-шара, «Құқықтық» бағыты аясында барлығы
14 927 адамды қамтыған 684 іс-шара, «Дін» бағыты аясында барлығы 12 162 адамды қамтыған 532 іс-шара, «Психологиялық-танымдық» бағыты аясында барлығы 15 540 адамды қамтыған 607 іс-шара, «Жастарға кеңес беру» бағыты аясында барлығы 17 768 адамды қамтыған 680 іс-шара, «Экологиялық мәдениет» бағыты аясында барлығы 10 863 адамды қамтыған 550 іс-шара, «Этносаралық келісім» бағыты аясында 5 503 адамды қамтыған 288 іс-шара, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты аясында барлығы 9 426 адамды қамтыған 382 іс-шара өткізілген.

Олармен аудандық және Тараз қалалық жастар ресурстық орталықтары тұрақты жұмыс жүргізуде. Облыстағы 12 (1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 335(облыс-16, қала-25, аудан-294) маман қызмет атқарады.

Жастар ресурстық орталықтары еліміз бойынша алғаш рет біздің облыста негізін қалап, республикаға үлгі ретінде ұсынылғаны барша жастар саясаты саласындағы азаматтарға белгілі.

Себебі, жастар ресурстық орталықтарының жұмысын жандандыру жыл санап өсіп келе жатқан жастардың санына қарап ақ байқауға болады. Оның бізге қаншалықты қажет екенін.

Осы мақсатта, биыл аймақтағы жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі мекемелер тарапынан салаға 767,2 млн теңге көлемінде қаражат қаралды.

–    Жастарды жұмыспен қамту мәселесінің күн тәртібінен түспейтінін білеміз. Басқарма тарапынан аталған бағытта қандай шаруалар атқарылуда?

– Есепті кезеңде 17 290 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.Оның ішінде, 9 572 жас ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 443-і қысқа мерзімді кәсіби курстарында оқытылды, 1 603 түлек жастар тәжірибесіне жолданып, 250-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 2 404-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 547 жас «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыды, 236-сы шағын несие және 1 378 жас қайтарымсыз грант алды.

Одан бөлек, облыс бойынша 37 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 2 мыңға жуық жас қатысқан жәрмеңкеде 212 жас тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% немесе 7 401 жасты (2020 жылы — 2,9%) құрады.Бұл сандар жастардың еңбекке ниетті екенін көрсетеді.

–    «Жасыл ел» еңбек жасағы да біршама студенттердің азын-аулақ табыс табуына септігін тигізуде. Бұл орайда не айтасыз?

–    Ағымдағы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына жергілікті бюджеттен бөлінген 53,3 млн теңгеге 1 мың жұмыссыз, NEET жастарды маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланды. Бүгінгі күнге кезең кезеңмен 942 жас жұмыс атқарып, 448,5 м2 аумақ тазаланды, 334,2 тонна күл-қоқыс шығарылды.Одан бөлек, жастардың қатысуымен 337 сенбілік ұйымдастырылып, 3 329 жас тартылды.

–   Бүгінде жастарды бизнеске баулу заман талабы. Оның үстіне, мемлекетіміз кәсіпкерлікті дамытуға айрықша ден қойып жатыр. Осыған орай жастарға қандай жағдай жасалынған? 

–    Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 547 жас оқытудан өтіп, жоба аясында 1 378-і қайтарымсыз грант алды, 236-сы шағын несие алды.«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігі бойынша 166 жас кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 176 жас кәсіпкердің жобасы кепілдендірілді.

Одан бөлек, «Жастарға кеңес беру алаңы» жобасы аясында халық көп шоғырланған жерлерде, «Ауыл-береке» базары, «Корзинка», «Аватария», «SMALL-SKIF», «Фиркан», т.б. дүкендер желісінде кәсіпкерлік бағытта жастарға кеңес берілді.

Мұндай жұмыстар легін алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Жалпы, еңбек етемін деген адамның «екі қолына бір күрек» табылады. Тек ынта мен жігер болса, жеткілікті.

–  Әр ауданда, қалада «Жастар ресурстық орталықтары» мен ұйымдар жұмыс істейді. Олардың жұмысына тоқталсаңыз.

– Облыстағы 12 (1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 335(облыс-16, қала-25, аудан-294) маман қызмет атқарады.Жыл басынан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы саны 6 516 шараөткізіліп,
153 493 адам қамтылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарында 157 875 жасұландықтар бар, олар жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 71%-ын құрайды. Олардың 87 520 жасұландықтар, 70 355 жасқырандықтар.

Ал, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ құрамында 7 456 жас бар.

«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалында 613 әскери-патриоттық клубта
17 248 мүшесі бар.

 – Енді жоғары, арнаулы орта оқу орындарында білім алатын студенттердің ахуалына тоқталсақ. Олардың жатақханамен қамтылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі пысықтағаны есімізде. Содан соң сең қозғалғандай болып, біршама шаруа қолға алынған еді. Нәтижесі қандай? 

–   2021-2022 оқу жылында облыстағы 2 жоғары оқу орнында 23 464 студент білім алуда.2020-2021 оқу жылында оқу орнын аяқтаған студенттер саны — 3 183, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары — 1 382, түрлі себептермен жұмыспен қамтылмағандары — 368, жұмыссыздар — 1 441.

46 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде23 700 студент 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша білім алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін 2020 жылы барлығы 5 398 түлек, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
3 720 түлек оқуын бітірді.Оның ішінде жұмысқа орналасқандары
4 263-і (79%)құрайды. Зейнетақы аударымдарының көрсеткіші мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 053-і (82,1%) құрайды.

Облыстағы 3 колледжге 750 орынға жатақхана қажеттілігі қалыптасқан. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне
300 орын (942 студент білім алуда), Жамбыл медициналық жоғары колледжіне 350 орын (2300 студент білім алуда), №9 Меркі колледжіне
100 орын қажеттілік бар (600 студент білім алуда).

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 3 жатақхана бар (Ниетқалиев көшесі 2 мекенжайдағы №1 студенттік жатақхана, №2 Қ.Сатпаев көшесі 25, №3 Жамбыл даңғылы 16). Жатақханалардың жалпы сыйымдылығы 1 134 орын, бөлме саны 418,қазіргі уақытта 794 студент (70%) орналасқан.Ал, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйі» 450 орындық.

–   Өңір жастарының құқықбұзушылығы, суицидке баруы, нашақорлыққа бой алдыруы жергілікті биліктің күн тәртібінен түспей тұрғаны рас. Жастар арасында мұндай «кеселді» болдармау мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр ма?

–   Аталған проблемалардың алдын алу бағытында көптеген жұмыс атқарылды. Нәтиже де жаман емес, айталық биылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес, жалпы4 080 қылмыс тіркелген. Мұның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы буыннан 769 адам құқықбұзушылыққа барған.

 Алкогольді тұтынушылар санатында 5 006 адамтіркелсе, 14 пен 29 жас аралығында 197 жас тіркелген.Есірткі заттарды тұтынушылар санатында 1 926 адам тіркелсе, 14 пен 29 жас аралығында 436жас тіркелген.

Жыл басынан құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша барлығы 14 927 адамды қамтыған 684 іс-шара өткізілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есебінде жастар қатарындағы
724 сотталған тұр. Есепке алған сәттен бастап әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі түсіндіріліп, бағдарлама толтырылады. Тиісті мекемелерге жолданып, көмек көрсетіледі.Атап айқанда, психологиялық көмек, қала және аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен 3 айлық қысқа мерзімді оқуға, жұмыспен қамтуға жолдау және құжаттарын жөндеуге көмек көрсетіледі.

Ата-аналары, туыстары және жақындарымен бірлесе қайта қылмыс жасамауы жайлы профилактикалық сұхбаттар жүргізіледі.

Сонымен қатар, а.ж. 9 айында пробация есебінде тұрған жастар арасында облыстың қалалық және аудандық пробация бөліністері жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 84-ке жуық түрлі спорттық іс-шара өткізіп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Одан бөлек, жастар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған 512 дәріс, 4 «дөңгелек үстел» отырысы,
2 959 әңгімелесу, 1 акция, 141 денсаулық сабағы, 14 семинар өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында суицид жағдайларын алдын алу бойынша 40 тәрбие сағаты, 5 «дөңгелек үстел» отырысы, 3 кездесу, 2 акция, 3 тренинг, 2 сауалнама,
10 ата-аналармен жиналыс, 1 педагогикалық-психологиялық кеңес өткізілді.

Облыс бойынша емдеу-алдын алу ұйымдарында а.ж. 9 айында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 578 семинар-тренинг, 3 026 дәріс, 5 594 «дөңгелек үстел» отырысы, 396 ашық есік күні, 697 сынып сағаты, 137 ата-аналар жиналысы өткізілген.

Облыстық жастар ресурстық орталығы аталған бағытта «ZHANUYA» емханасымен бірлескен жоспарға сәйкес жұмыстарды тұрақты жүргізуде. Ал, Тараз қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары тарапынан «Саулық» бағыты аясында
393 іс-шара өтіп, 21 912 жас қамтылған.

Сондай-ақ, қылмыс, суицид, алькогольді есірткі, уытты заттарды тұтынушылар санын азайту мақсатында арнайы бейнероликтер түсірілді. Атап айтқанда, «Ұрлық түбі — қорлық», «Заңсыз ақша», «Жол жүру ережесін сақтаңыздар», «Мас күйінде көлік жүргізбе», «Күн түспейтін көлеңке», «Суицид» және т.б. тақырыптарда бейнероликтер әзірленіп, басқарманың парақшаларында жарияланды.

– Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар аз емес. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сондай мүмкіндіктерді барынша пайдаланып қалу қажеттігін жиі айтады. Осы бағыттағы шаруалардың барысы жөнінде әңгімелеп бересеңіз.

–  Әлбетте, солтүстік өңірлерді қазақыландыруға, тұрғындар санын арттыруға бағытталған «Серпін-2050» жобасы аясында Жамбыл облысынан барлығы 1 067 студент өзге облыстарға оқуға түсті.Оның 836-ы жоғары оқу орындарында, 231-і колледждерде педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуда.

Бұл орайда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы мен пайдасы зор болып тұр. Жыл басынан бері осы құжат аясында 376 маманға 109,7 млн теңгеге көтерме жәрдемақы және 231 маманға  тұрғын үй сатып алуға 1004,1 млн теңге қаржы бөлінді.

–   Тұрғын үй демекші, облыста баспанасыз жүрген жастар аз емес сияқты…

–  Өкінішке қарай, солай болып тұр. Десе де, бұл аймақта тұрғын үй бағытында жұмыс істеліп жатқан «Асарлатып үй салу», «Нұрлы жер», «Жас отбасы» сынды бағдарламалар аясында жыл сайын көптеген үйлер пайдалануға берілуде. Игі істерге көпшілік те, біз де куәміз.

Облыс әкімінің тапсырмасымен әзірленген облыста мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасының аясында облыс жастарына жеңілдікпен несие беругеарналған «Әулиеата жастары» бағдарламасының жобасы әзірленді.

Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.

Жоба облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімінің төрағалығымен, үкіметтік емес жастар ұйымдарымен және облыстық қоғамдық кеңесте талқыланып, сын ескертпелер қосылды.

Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарға ипотекалық кредиттеудің әртүрлі құралдары
(«7-20-25», «Баспана-хит», «Әскери Баспана», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» 5-10-20 және т.б)қарастырылған.

Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте тұрған жалпы жастар саны — 4 407, жер телімін алуға кезекте тұрған жалпы жастар
саны — 6 592.

Өткен жылы екінші деңгейлі банктер арқылы ипотека арқылы тұрғын үй алған 2 168 адамның 395-і жастар.

Ал, биылғы жылдың өзінде «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны 318 клиентті құрайды.

Жастардың басым бөлігі «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (294 жас), «Сбер банк» АҚ (87), «Халық банк» (10) арқылы алған.

Басқарма тарапынан әлеуметтік желіде жүргізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы1 308 жастың ипотека арқылы тұрғын үй алуға ниетті екендігі анықталды.

Оның 168 (6,9%) жеке кәсіпкерлер, 376 (21,6%)мемлекеттік қызметкерлер, 336 (19,3%) бюджеттік мекеме қызметкерлері,
133 (7,6%) жеке компания қызметкерлері, 1 028 (5,9%) сауда саттық қызметкерлері, 112 (6,4%)жұмыссыздар, 346 (19,9%) студенттер,
168 (9,69%) басқа да қызметкерлер.

Өзекті мәселелік сұрақтарды шешу үшін бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлу жоспарланып отыр.

Бағдарламаны іске асыруға «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚжүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн теңгеге дейін беріледі.Пайыздық мөлшерлеме — 5%, бастапқы жарна — 5-50%.

– Өткен жыл «Волонтерлар жылы» болды. Жамбылдық жастар бұл бастамаға қандай үлес қосты?

–  Барша ел болып Волонтер жылын өткіздік.Волонтерлық қызметті ілгерілету, адамның бойына ізгі қасиеттерді сіңіру мақсатында облыста жыл басынан бері кешенді жұмыстар жүргізілді.Жыл ішінде жастарға арналған бірқатар игі жобалар қолға алынып іске асырылды.

Волонтер жылы аясында 7,3 млн теңгеге 21 ерікті жасқа 300 мың теңгеден грант бөлінді.«Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы аясында аз қамтылған және тұрмыстық жағдайы төмен 12 мың отбасыға 41 мың тонна киім-кешек пен тұрмыстық заттар үлестірілді.

Пандемия кезінде жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 10 мың азаматқа азық-түлік себеттері, 2 мың адамға дәрі-дәрмек жеткізілді.

 Еріктілердің бастамасымен облыс тұрғындарына
100 мыңнан астам бетперде таратылды.

Өңірдегі 2 мыңға жуық жалғызілікті қариялардың тұрғын үйлеріндегі шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетіліп, 2 мыңнан астам азаматтың үйіне зейнетақы мен жәрдемақысы жеткізіліп берілді.

Бұдан бөлек, екі волонтеріміз мемлекетік наградамен,40-қа жуық волонтер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

 Таразыда салмағы ауыр амалға ден қойып, жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген еріктілер жақсылық жаршысына айналып, қоғамды мейірімділікке бастады.

Расында, біздің өңірде еріктілер қозғалысының жұмысы жан-жақты жанданып, жүйеленіп келеді.Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Биылдың өзінде жыл басынан волонтерліктің 12 бағыты бойынша жалпы саны 1 884 шара өткізіліп, оған 45 528 жас қатысты. Оның ішінде, «Қамқор» бағыты бойынша 6 306 адамды қамтыған
427 іс-шара, «Білім» бағыты бойынша 3 394 адамды қамтыған
179 іс-шара, «Асыл мұра» бағыты бойынша 1 901 адамды қамтыған 134 іс-шара, «Саулық» бағыты бойынша 21 912 адамды қамтыған
393 іс-шара, «Сабақтастық» бағыты бойынша 1 896 адамды қамтыған 127 іс-шара, «Таза Әлем» бағыты бойынша 1 172 адамды қамтыған 121 іс-шара, «Үміт» бағыты бойынша 4 602 адамды қамтыған
168 іс-шара, «Мәдениет саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша 233 адамды қамтыған 27 іс-шара, «Спорттық және СӨС волонтерлік» бағыты бойынша 17 адамды қамтыған 2 іс-шара, «Медиа-волонтерлік» бағыты бойынша 210 адамды қамтыған 9 іс-шара, «Аяла» бағыты бойынша 21 адамды қамтыған 2 іс-шара өткізілді.

«Өзге де әлеуметтік волонтерлік» бағыты бойынша 3 651 адамды қамтыған 300 іс-шара өтті.

– Жастармен жұмыс істеуде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

– Біз тікелей жұмыс жасайтын жастар ақыл тоқтатқан, нақты не қалайтынын біледі, өздігінен шешім қабылдай алады. Ал жастардың NEET санаты бар. Міне, солармен жұмыс жүргізуде қиындықтар туындайтыны рас. Олар еш жерде жұмыс жасамайтын, оқымайтын жастар. Олардың өмірлік мақсаттары мен болашаққа деген жоспарлары жоқ десекте болады. Біздің жұмыс олардыоңтайландыру, қоғамға бейімдеу. Мамандық таңдауына, жұмысқа орналасуына ықпал ету. Осы мақсатта нақты индикаторлар көрсетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыста NEET санатындағы 3 883 жастың электронды дерекқоры жасақталып, олармен адрестік жұмыстар жүргізілді.

Жекелей жүргізілген жұмыс барысында аталған санаттағы жастар жаз мезгілінде маусымдық жұмыстарға (ауыл шарушылығы, егін шаруашылығы және т.б.) тартылып, күн көріс жасайды, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жататындығы анықталды.

Оларды мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге тарту мақсатында жыл басынан қаладағы жабық сауда орындарда, ашық алаңдарда 22 салалық басқармалалардың қатысуымен тұрақты түрде кеңес беру алаңдары өткізіліп келеді.

NEET санатындағы жастармен жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық «JAMBYL CUP», базар жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» сынды спорттық жобалар қолға алынды.

Сол сияқты, NEET жастармен іс-шаралар жоспары бекітілген.
Іс-шаралар жоспарында нақты индикаторлық көрсеткіштер айқындалған. Жыл басынан бері 26 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, 64 қоғамдық тыңдаулар, 93 онлайн мастер — класстар, 397 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды.

– Болашаққа деген жоспар туралы айтып өтсеңіз.

– Жалпы басқарма басшысы ретінде дәл қазіргі жоспарым «Әулиеата жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасының жобасын бекіту және іске асыру. Осылайша өңір жастарының тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне жағдай жасау.

Сонымен қатар, жастарға бейімделген, заманауи жастар орталығын қалыптастыру. Үстіміздегі жылы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен көлемі 2800 шаршы метрлік ғимаратты жастар орталығына берді. Қазіргі таңда жобалау, жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта орталықта жастарға арналған кітапхана, коворкинг орталы, мәжіліс зал, аудео-бейне жазба орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы мен жастар ұйымдарының бір шаңырақ астына топтастыратын болады.

Міне, осы екі жоспарды сәтті іске асыруды жоспарлап отырмын.

– Әңгімеңізге рахмет! Мемлекеттік қызметтегі еңбектеріңіз мерейлі болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.